Құжат мәтініне өту

О переименовании улиц села Подгорное Акшокинского сельского округа Урджарского района

Өзге акт · № 4 · қабылданған 06.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128304/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О переименовании улиц села Подгорное Акшокинского сельского округа Урджарского района Қолданыста Өзге акт ·№ 4 ·06.12.2018
06.12.2018 редакциясы
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании улиц села Подгорное Акшокинского сельского округа Урджарского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 4 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании улиц села Подгорное Акшокинского сельского округа Урджарского района
Атауы (қаз.)
Үржар ауданы Ақшоқы ауылдық округі Подгорный ауылының көшелерін қайта атау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
06.12.2018
Көрсетілген редакция
06.12.2018 128304_384321.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VRD00186
ЭКБ идентификаторы
128304
Редакция идентификаторы
128304_384321
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:13

0 Үржар ауданы Ақшоқы ауылдық округі Подгорный ауылының көшелерін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2018 жылдың 28 тамыздағы қорытындысынегізінде және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ақшоқы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

1 1. Үржар ауданы Ақшоқы ауылдық округі Подгорный ауылындағы көшелерінің атауы:

1 1) Центральная көшесі Қызғалдақ көшесі;

2 2) Новая көшесі Қырмызы көшесі;

3 3) Береговая көшесі Құндыздыкөшесі болып қайта аталсын.

2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Ақшоқы ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы