О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5/1
- Қабылданған күні
- 09.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 13.10.2023 128363_659614.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19P0006229
- ЭКБ идентификаторы
- 128363
- Редакция идентификаторы
- 128363_659614
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:24
0 Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
2 2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.
3 3. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ.Е. Жазылбекке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Павлодар облысының Полиция департаменті»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ А. Әубәкіров
6 Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
Павлодар облысы әкімдігінің
2019 жылғы 9 қаңтары
№ 5/1 қаулысына
қосымша
Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі,
сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері