Кіру
Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Павлодарской области

Қаулы · № 5/1 · қабылданған 09.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128363/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Павлодарской области Қолданыста Қаулы ·№ 5/1 ·09.01.2019
13.10.2023 редакциясы
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Павлодарской области

Қолданыста Қаулы ·№ 5/1 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Павлодарской области
Атауы (қаз.)
Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5/1
Қабылданған күні
09.01.2019
Көрсетілген редакция
13.10.2023 128363_659614.kaz
Соңғы өзгеріс
13.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19P0006229
ЭКБ идентификаторы
128363
Редакция идентификаторы
128363_659614
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:24

0 Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.

3. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ.Е. Жазылбекке жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Павлодар облысының Полиция департаменті»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ А. Әубәкіров

6 Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері

Павлодар облысы әкімдігінің
2019 жылғы 9 қаңтары
№ 5/1 қаулысына
қосымша
Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі,
сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері

1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1) алғыс жариялау;

2) грамотамен марапаттау;

3) ақшалай сыйақы беру;

4) көтермелеудің өзге де шаралары.

2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн ішкі істер органының ұсынуы бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен құрылатын комиссия қарайды.

3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

4. Ақшалай сыйақы мөлшерiн комиссия белгiлейді және айлық есептiк көрсеткiштің 10 еселенген мөлшерінен аспайды.

5. Ақшалай сыйақыны төлеуді Павлодар облысының полиция департаменті облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзеді.

6. Көтермелеулерді төлеуге арналған қаражат Павлодар облысы полиция департаментінің шығыстар құрамында көзделедi.

Қолданыстағы