Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қаулы · № 6 · қабылданған 11.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128418/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Қолданыста Қаулы ·№ 6 ·11.01.2019
11.01.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қолданыста Қаулы ·№ 6 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Атауы (қаз.)
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір сұрақтары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6
Қабылданған күні
11.01.2019
Көрсетілген редакция
11.01.2019 128418_385826.kaz
Соңғы өзгеріс
11.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19SM005203
ЭКБ идентификаторы
128418
Редакция идентификаторы
128418_385826
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:22

0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге

қатысатын азаматтарды көтермелеудің
кейбір сұрақтары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабы 7 тармағына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабы 2 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Уәлиханов ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

2

2) аудан әкімдігінің осы қаулысын мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін оның көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) оны ресми жарияланғаннан кейін «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет – ресурсында осы қаулыны орналастыру.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Уәлиханов ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Уәлиханов ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «__»__________ №__
қаулысына қосымша
Уәлиханов ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай
сыйақының мөлшері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2 2. Қылмыстың алдын-алу және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі Уәлиханов ауданы әкімдігімен құрылған комиссиясымен қаралады.

3

3. Қылмыстың алдын-алу және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті Уәлиханов ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығымен ұсынылады.

4 4. Көтермелеу төлеу комиссиясы қабылдаған шешіміне сәйкес «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті Уәлиханов ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының бұйрығы көтермелеу үшін негіз болып табылады.

5 5. Ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және ол 10-еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

6 6. Азаматтарды көтермелеу «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті Уәлиханов ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

7 7. Көтермелеулерді төлеуге арналған қаражат облыстық бюджеттен көзделеді.

Қолданыстағы