Құжат мәтініне өту

О переименовании улиц города Алтай района Алтай

Қаулы · № 3 · қабылданған 14.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128425/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О переименовании улиц города Алтай района Алтай Қолданыста Қаулы ·№ 3 ·14.01.2019
14.01.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании улиц города Алтай района Алтай

Қолданыста Қаулы ·№ 3 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании улиц города Алтай района Алтай
Атауы (қаз.)
Алтай ауданы Алтай қаласының көшелерін қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
14.01.2019
Көрсетілген редакция
14.01.2019 128425_385095.kaz
Соңғы өзгеріс
14.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VL000189
ЭКБ идентификаторы
128425
Редакция идентификаторы
128425_385095
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:21

0 Алтай ауданы Алтай қаласының көшелерін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 29 қарашадағы қорытындысына сәйкес және «Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданын және Зырян қаласын Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы
28 желтоқсандағы № 821 Жарлығы негізінде Зырян ауданының Зырян қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алтай ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Зырян ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Алтай ауданы Алтай қаласы көшелерінің атаулары:

1 1) Лениногороская көшесі Вишневая көшесі болып;

2 2) Пролетарская көшесі Спортивная көшесі болып;

3 3) Канавная көшесі Родниковая көшесі болып;

4 4) Коммунистическая көшесі Тохтаров көшесі болып;

5 5) Ленин көшесі Астана көшесі болып;

6 6) Советская көшесі Тәуелсіздік көшесі болып;

7 7) Ворошилов көшесі Труд көшесі болып;

8 8) Советский тұйық көшесі Тенистый тұйық көшесі болып қайта аталсын.

2 2. «Зырян ауданының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің Зырян ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) әкімнің осы бірлескен қаулысы және шешімі мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрде көшірмесін жіберуді;

3 3) осы бірлескен қаулы және шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Зырян ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;

4 4) осы бірлескен қаулы және шешім ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы