Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Павлодарском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Павлодарском районе
- Атауы (қаз.)
- Павлодар ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/1
- Қабылданған күні
- 10.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 10.01.2019 128462_385368.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PK006230
- ЭКБ идентификаторы
- 128462
- Редакция идентификаторы
- 128462_385368
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:23
0 Павлодар ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Павлодар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысы Полиция департаментінің Павлодар ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің Павлодар облысы
Полиция департаментінің Павлодар ауданының
полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
2019 жылғы «4» қаңтар
__________________ М. Рахимов
5 Павлодар ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Павлодар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «10» қаңтардағы
№ 2/1 қаулысына
қосымша
Павлодар ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1 1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:
1 1) Павлодар ауданы әкімінің құрмет грамотасы;
2 2) Павлодар ауданы әкімінің алғыс хаты;
3 3) ақшалай сыйақы;
4 4) құнды сыйлық.
2 2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:
1 1) қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;
2
2) қоғамдық тәртіпті қорғауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысы Полиция департаментінің Павлодар ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Павлодар ауданының ПБ) енгізеді;
3 3) Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;
4 4) Павлодар ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;
5 5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Павлодар ауданы әкімінің құрмет грамотасын, Павлодар ауданы әкімінің алғыс хатын, ақшалай сыйақы, құнды сыйлықтар табыстауды Павлодар ауданының ПБ жүзеге асырады.
Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.