Құжат мәтініне өту

Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий в местный бюджет

Қаулы · № 330 · қабылданған 26.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128486/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий в местный бюджет Қолданыста Қаулы ·№ 330 ·26.12.2018
26.12.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий в местный бюджет

Қолданыста Қаулы ·№ 330 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий в местный бюджет
Атауы (қаз.)
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
330
Қабылданған күні
26.12.2018
Көрсетілген редакция
26.12.2018 128486_385193.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18LI006596
ЭКБ идентификаторы
128486
Редакция идентификаторы
128486_385193
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:42

0 Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативін белгілеу туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес
Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. «Шиелі аудандық қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Шиелі ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «26» желтоқсандағы
№330 қаулысына
қосымша
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың
таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі
Шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі келесідей белгіленеді:
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін
Таза кіріс сомасынан 5 пайыз
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден
50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз
Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз
Таза кіріс 500 000 001 теңгеден
1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз
Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз

Қолданыстағы