Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Аксу

Қаулы · № 19/1 · қабылданған 14.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128501/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Аксу Қолданыста Қаулы ·№ 19/1 ·14.01.2019
14.01.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Аксу

Қолданыста Қаулы ·№ 19/1 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Аксу
Атауы (қаз.)
Ақсу қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
19/1
Қабылданған күні
14.01.2019
Көрсетілген редакция
14.01.2019 128501_385366.kaz
Соңғы өзгеріс
14.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PB006231
ЭКБ идентификаторы
128501
Редакция идентификаторы
128501_385366
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:21

0 Ақсу қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақсу қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

2 2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы Полиция департаменті Ақсу қаласының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Павлодар облысы Полиция департаменті
Ақсу қаласының полиция бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________В. Скляр
2019 жылғы «11» қаңтар

5 Ақсу қаласындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Ақсу қаласы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы «14» қаңтардағы
№ 19/1 қаулысына
қосымша
Ақсу қаласындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

1 1) Ақсу қаласы әкімінің Құрмет грамотасы;

2 2) Ақсу қаласы әкімінің Алғыс хаты;

3 3) ақшалай сыйақы;

4 4) құнды сыйлық.

2 2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

1 1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі қалалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;

2 2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы Полиция департаменті Ақсу қаласының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ақсу қаласының ПБ) енгізеді;

3 3) комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;

4 4) Ақсу қаласының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

5 5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу беруді Ақсу қаласының ПБ жүзеге асырады.

Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.

Қолданыстағы