О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Теректинском районе Западно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Теректинском районе Западно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 14.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 14.01.2019 128502_385537.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19ZL005518
- ЭКБ идентификаторы
- 128502
- Редакция идентификаторы
- 128502_385537
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:21
0 Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен оларға ақшалай сыйақының мөлшерлері айқындалсын.
2 2. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы бекітілсін.
3 3. Аудан әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Е.Досмаковқа жүктелсiн.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Батыс Қазақстан облысы
полиция департаменті
Теректі ауданының полиция бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________Н.Дуйсенгалиев
2018 жылғы «27» желтоқсан
6 Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен оларға ақшалай сыйақының мөлшерлері
Теректі ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы «14» қаңтардағы
№ 2 қаулысына қосымша
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен оларға ақшалай сыйақының мөлшерлері
1 1. Құрмет грамотасы.
2 2. Алғыс хат.
3 3. 10 еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын ақшалай сыйақы.
10 Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы
Теректі ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы «14» қаңтардағы
№ 2 қаулысымен бекітілді
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы
Осы Қағида қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін айқындайды.