Об установлении единых ставок фиксированного налога по Карасайскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по Карасайскому району
- Атауы (қаз.)
- Қарасай ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38-4
- Қабылданған күні
- 27.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2020 128578_458041.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18DK004990
- ЭКБ идентификаторы
- 128578
- Редакция идентификаторы
- 128578_458041
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:41
0 Қарасай ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салықтың
мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қарасай ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасы сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай аудандық мәслихатының «Экономика, бюджет, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік пен инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Қарасай аудандық мәслихатының
2018 жылғы «27» желтоқсандағы
«Қарасай ауданы бойынша
бірыңғай тіркелген салықтың
мөлшерлемелерін белгілеу туралы»
№ 38-4 шешіміне қосымша
Қарасай ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық
төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Рет №
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
(айлық есептік
көрсеткіштермен)
1
2
3
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
6
2
Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
10
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
3
4
Ойын жолы
25
5
Карт
4
6
Бильярд үстелі
5
7
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
10