Об установлении единых ставок фиксированного налога по Карасайскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по Карасайскому району
- Атауы (қаз.)
- Қарасай ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38-4
- Қабылданған күні
- 27.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2020 128578_458041.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18DK004990
- ЭКБ идентификаторы
- 128578
- Редакция идентификаторы
- 128578_458041
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:41
0 Қарасай ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салықтың
мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасай ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасы сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай аудандық мәслихатының «Экономика, бюджет, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік пен инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Қарасай аудандық мәслихатының
2018 жылғы «27» желтоқсандағы
«Қарасай ауданы бойынша
бірыңғай тіркелген салықтың
мөлшерлемелерін белгілеу туралы»
№ 38-4 шешіміне қосымша
Қарасай ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық
төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Рет №
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
(айлық есептік
көрсеткіштермен)
1
2
3
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
6
2
Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
10
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
3
4
Ойын жолы
25
5
Карт
4
6
Бильярд үстелі
5
7
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
10