О некоторых вопросах административно-территориального устройства Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах административно-территориального устройства Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 303/27
- Қабылданған күні
- 14.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 14.01.2019 128583_386433.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19P0006237
- ЭКБ идентификаторы
- 128583
- Редакция идентификаторы
- 128583_386433
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:21
0 Павлодар облысының
әкімшілік-аумақтық құрылысының
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай, Баянауыл және Шарбақты аудандарының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Павлодар облысы Ақтоғай, Баянауыл және Шарбақты аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) Ақтоғай ауданы бойынша:
аумағы Қараоба ауылдық округінің құрамына қосыла отырып, Әуелбек ауылдық округі таратылсын;
аумағы Ақтоғай ауылдық округінің құрамына қосыла отырып, Харьков ауылдық округі таратылсын;
аумағы Жалаулы ауылдық округінің құрамына қосыла отырып, Шолақсор ауылдық округі таратылсын;
аумағы Разумов ауылдық округінің құрамына қосыла отырып, Басқамыс ауылдық округі таратылсын;
2 2) Баянауыл ауданы бойынша аумағы Майқайың кентінің құрамына қосыла отырып, Шөптікөл ауылдық округі таратылсын;
3 3) Шарбақты ауданы бойынша:
Алексеевка ауылдық округі таратылсын:
Алексеевка ауылы мен Құрқамыс станциясы Александровка ауылдық округінің құрамына қосылсын;
Назаровка ауылы Шарбақты ауылдық округінің құрамына қосылсын;
Чигиринов ауылдық округі таратылсын:
Чигириновка ауылы Галкин ауылдық округінің құрамына қосылсын;
Есілбай ауылы Шалдай ауылдық округінің құрамына қосылсын;
ауылдық округтің орталығын Хмельницкий ауылы деп анықтап, аумағы Жылы-Бұлақ ауылдық округінің құрамына қосыла отырып, Хмельницкий ауылдық округі таратылсын;
аумағы Сосновка ауылдық округінің құрамына қосыла отырып, Красиловка ауылдық округі таратылсын.