О снятии ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 01
- Қабылданған күні
- 04.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.01.2019 128588_385778.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KMW05144
- ЭКБ идентификаторы
- 128588
- Редакция идентификаторы
- 128588_385778
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:26
0 Шектеу іс-шараларын
тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, Ынталы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізуіне байланысты, Ынталы ауылдық округі Ынталы ауылындағы Бейбітшілік және Нұра көшелерінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Қарқаралы ауданының Ынталы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 01 «Ынталы ауылдық округі Ынталы ауылындағы Бейбітшілік және Нұра көшелері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4770 болып тіркелген, 2018 жылғы 09 маусымдағы № 23 (11667) «Қарқаралы» газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2018 жылы 04 маусымда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
министрлігі ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитететінің Қарқаралы аудандық
аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Т.Ж. Көпжасаров
4 қаңтар 2019 жыл