Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Жылыойском районе

Қаулы · № 2 · қабылданған 11.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128591/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Жылыойском районе Қолданыста Қаулы ·№ 2 ·11.01.2019
15.05.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Жылыойском районе

Қолданыста Қаулы ·№ 2 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Жылыойском районе
Атауы (қаз.)
Жылыой ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2
Қабылданған күні
11.01.2019
Көрсетілген редакция
15.05.2019 128591_410330.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19TB004331
ЭКБ идентификаторы
128591
Редакция идентификаторы
128591_410330
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:21

0 Жылыой ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жылыой ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С. Рашевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Жылыой ауданы әкімдігінің

2019 жылғы «11» қаңтардағы
№ 2 қаулысына қосымша
Жылыой ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1-тарау. Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2 2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

2 2. Осы тәртіп Жылыой ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

3 3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Жылыой ауданы әкімінің шешімімен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.

4 4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Жылыой ауданы полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

5 5. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

6 6. Ақшалай сыйақыны төлеу «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесімен облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

7 7. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Жылыой ауданы полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.

8 8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу шаралары «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Жылыой ауданы полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен салтанатты жиында жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

9

9. Ақшалай сыйақының мөлшері көтермеленетін азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар олармен немесе олардың қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып комиссиямен белгіленеді және 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Қолданыстағы