О снятии ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 01
- Қабылданған күні
- 11.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2019 128659_386465.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KMC05155
- ЭКБ идентификаторы
- 128659
- Редакция идентификаторы
- 128659_386465
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:21
0 Шектеу іс-шараларын
тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізуіне байланысты, Егіндібұлақ ауылдық округінің Егіндібұлақ ауылындағы Балқантау көшесі аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 05 қыркүйектегі № 03 «Егіндібұлақ ауылдық округінің Егіндібұлақ ауылындағы Балқантау көшесі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4936 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 қыркүйектегі № 37 (11681) «Қарқаралы» газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылы 18 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
министрлігі ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитететінің Қарқаралы аудандық
аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Т.Ж. Көпжасаров
11 қаңтар 2019 жыл