Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Иртышском районе

Қаулы · № 14/1 · қабылданған 16.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128665/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Иртышском районе Қолданыста Қаулы ·№ 14/1 ·16.01.2019
16.01.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Иртышском районе

Қолданыста Қаулы ·№ 14/1 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Иртышском районе
Атауы (қаз.)
Ертіс ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14/1
Қабылданған күні
16.01.2019
Көрсетілген редакция
16.01.2019 128665_386952.kaz
Соңғы өзгеріс
16.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PG006239
ЭКБ идентификаторы
128665
Редакция идентификаторы
128665_386952
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:20

0 Ертіс ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес аудан
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ертіс ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Павлодар облысының Полиция департаменті Ертіс ауданының полиция бөлімі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Министрлігі Павлодар облысының
Полиция департаменті Ертіс ауданының
Полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
________Д. Молдабаев
«16» қаңтар 2019 жыл

5 Ертіс ауданындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Ертіс ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы «16 » қантардағы
№ 14/1 қаулысына
қосымша
Ертіс ауданындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

1 1) Ертіс ауданы әкімінің Құрмет грамотасы;

2 2) Ертіс ауданы әкімінің Алғыс хаты;

3 3) ақшалай сыйақы;

4 4) құнды сыйлық.

2 2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

1 1) қоғамдық тәртіпті ,сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;

2

2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министірлігі Павлодар облысының Полиция департаменті Ертіс ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Ертіс ауданының ПБ) енгізеді;

3 3) комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;

4 4) Ертіс ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

5 5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Ертіс ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, Ертіс ауданы әкімінің Алғыс хатын, ақшалай сыйақы, құнды сыйлықтар беруді Ертіс ауданының ПБ жүзеге асырады.

Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.

Қолданыстағы