Құжат мәтініне өту

Об установлении охранной зоны, режима и порядка природопользования на территории охранной зоны коммунального государственного учреждения «Государственный региональный природный парк «Кызылсай» Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области

Қаулы · № 5 · қабылданған 17.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128674/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении охранной зоны, режима и порядка природопользования на территории охранной зоны коммунального государственного учреждения «Государственный региональный природный парк «Кызылсай» Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области Қолданыста Қаулы ·№ 5 ·17.01.2019
31.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении охранной зоны, режима и порядка природопользования на территории охранной зоны коммунального государственного учреждения «Государственный региональный природный парк «Кызылсай» Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области

Қолданыста Қаулы ·№ 5 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении охранной зоны, режима и порядка природопользования на территории охранной зоны коммунального государственного учреждения «Государственный региональный природный парк «Кызылсай» Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану мөлшерін, шекарасын, режимін және тәртібін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
17.01.2019
Көрсетілген редакция
31.10.2024 128674_726296.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19M0003789
ЭКБ идентификаторы
128674
Редакция идентификаторы
128674_726296
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:20

0 Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алып қоймай, ені екі шақырым жалпы ауданы 47462 гектар қорғау аймағы белгіленсін.

2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.

3

3. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Д.Т. Құсбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2019 жылғы 17 қаңтардағы
№ 5 қаулысына қосымша
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі

1 1. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – парк) қорғау аймағында:

1 1) парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;

2 2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;

3 3) Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 84-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;

4 4) аң аулауға;

5 5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;

6 6) парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);

7 7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;

8 8) парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.

2 2. Парктің қорғау аймағының аумағында парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

1 1) орман шаруашылығы қызметі;

2 2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

3 3) туристік және рекреациялық қызмет;

4 4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

5 5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау, сондай-ақ балық өсіру;

6 6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

7 7) бүлінген жерді қалпына келтіру;

8 8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;

9 9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру

10

10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.

3

3. Парктің қорғау аймағында осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып есептелетін учаскелердің, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының өзге де объектілердің дербестігі қамтамасыз етілуге тиіс.

Қолданыстағы