Об установлении ограничений хозяйственной деятельности собственников земельных участков и землепользователей в пределах территорий государственных природных (комплексных) и государственных природных (зоологических) заказников местного значения, находящихся в ведении коммунального государственного учреждения «Государственный региональный природный парк «Кызылсай» Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничений хозяйственной деятельности собственников земельных участков и землепользователей в пределах территорий государственных природных (комплексных) и государственных природных (зоологических) заказников местного значения, находящихся в ведении коммунального государственного учреждения «Государственный региональный природный парк «Кызылсай» Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауындағы жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи (кешенді) және мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдар аумағы шегінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 17.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 17.01.2019 128675_387116.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19M0003788
- ЭКБ идентификаторы
- 128675
- Редакция идентификаторы
- 128675_387116
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:20
0
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауындағы жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи (кешенді) және мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдар аумағы шегінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауындағы жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи (кешенді) және мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдар аумағы шегінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер белгiленсін.
2
2. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Д.Т. Құсбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2019 жылғы 17 қаңтардағы
№ 4 қаулысына қосымша
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауындағы жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи (кешенді) және мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдар аумағы шегінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер
1
1. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауындағы жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи (кешенді) және мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдар аумағы шегінде мынадай қызметке:
1 1) жергілікті маңызы бар «Есет», «Көлеңкелі», «Манашы» мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалдар аумағы шегінде – табиғи кешендердi сақтауға қатер төндiретiн шаруашылық қызметке, өсiмдiктер мен жануарлардың бөтен түрлерiн жерсiндiруге;
2
2) жергілікті маңызы бар «Адамтас», «Жабайұшқан», «Тасорпа» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдар аумағы шегінде – уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, аң аулауға, балықтарды қоспағанда, кез келген тәсiлдермен және құралдармен жануарларды аулауға, жануарлардың бөтен түрлерiн интродукциялауға, ұяларды, iндердi, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдiруге, жұмыртқалар жинауға тыйым салынады.