Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 446
- Қабылданған күні
- 14.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2020 128692_498714.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VQ000214
- ЭКБ идентификаторы
- 128692
- Редакция идентификаторы
- 128692_498714
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:21
0 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1- тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген), мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. Ұлан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 53 «2018 жылға арналған мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5498 тіркелген, 2018 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланды), Ұлан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 235 «Ұлан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 53 «2018 жылға арналған мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-184 тіркелген, 2018 жылғы 27 шілдеде «Ұлан таңы» газетінде және 2018 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланды) күштері жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұржан Оразбекович Әбдікәрімовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота мөлшері
Ұлан ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «14» қаңтардағы
№ 446 қаулысына қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота мөлшері
Тізімдік саны бар ұйымдар
Квота мөлшері (%)
Елуден жүз адамға дейін
2
Жүз бірден екі жүз елу адамға дейін
3
Екі жүз елу бірден артық адам
4