О внесении изменений в некоторые совместные постановления акимата и решения маслихата Мугалжарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые совместные постановления акимата и решения маслихата Мугалжарского района
- Атауы (қаз.)
- Мұғалжар ауданының әкімдігінің кейбір бірлескен қаулыларына және мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 284
- Қабылданған күні
- 10.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 10.01.2019 128710_387178.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CI000239
- ЭКБ идентификаторы
- 128710
- Редакция идентификаторы
- 128710_387178
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:22
0 Мұғалжар ауданының әкімдігінің
кейбір бірлескен қаулыларына және
мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 31 баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26, 50 баптарына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Мұғалжар ауданы әкімдігінің кейбір бірлескен қаулыларына және мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2 2. Осы Мұғалжар ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 2019 жылғы «10» қаңтардағы
№ 6/284 әкімдіктің бірлескен қаулысына
және мәслихаттың шешіміне
қосымша
Мұғалжар ауданы әкімдігінің кейбір бірлескен қаулыларына және мәслихаттың шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1
1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің және мәслихатының 2010 жылғы 16 шілдедегі № 353/194 мемлекеттік тілдегі «Қандыағаш қаласындағы Карагандинкая көшесін Нұрқожа Орынбасаров көшесі деп қайта атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-130 тіркелген, 2010 жылғы 11 тамызда аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) бірлескен қаулысында және шешімінде:
кіріспе бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2
2. Мұғалжар ауданы әкімдігінің және мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 605/217 «Қандыағаш қаласында Спортивная көшесін Омаш Өмірбаев көшесі, Парковая көшесін Көбеген Ахметұлы Ахметов көшесі деп қайта атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-133 тіркелген, 2011 жылғы 24 қаңтарда аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) бірлескен қаулысында және шешімінде:
кіріспе бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
3
3. Мұғалжар ауданы әкімдігінің және мәслихатының 2016 жылғы 3 қазандағы № 359/47 «Мұғалжар ауданының Қандыағаш және Жем қалаларының көшелерін қайта атау туралы» бірлескен қаулысында және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5112 тіркелген, 2016 жылғы 2 қарашада аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған):
кіріспедегі «тармағына» деген сөзі «тармақшасына» деген сөзімен ауыстырылсын.