О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Кандыагаш
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Кандыагаш
- Атауы (қаз.)
- Қандыағаш қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атауларт беру және қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 283
- Қабылданған күні
- 10.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 10.01.2019 128716_387159.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CI000238
- ЭКБ идентификаторы
- 128716
- Редакция идентификаторы
- 128716_387159
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:22
0 Қандыағаш қаласының кейбір
құрамдас бөліктеріне атаулар
беру және қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 12 шілдедегі хаттамалық шешімі негізінде және Қандыағаш қаласы халқының пікірін ескере отырып Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қандыағаш қаласының келесідей шағын ауданына және атаусыз көшесіне:
№ 1 схемалық картаға сәйкес, «Жаңақоныс» шағын ауданы;
№ 2 схемалық картаға сәйкес, «Ер Едіге» көшесі атаулары берілсін.
2 2. Қандыағаш қаласының мынадай көшелері:
«Рабочий» тұйық көшесі - «Еңбекту» көшесі;
«Газовиктер» көшесі - «Төлеген Айбергенов» көшесі;
«Новостройка» көшесі - «Бұлақты» көшесі;
«Вокзальная» көшесі - «Елек» көшесі;
«РТС» көшесі - «Айрық» көшесі;
«Степная» көшесі - «Алтынды» көшесі;
«Воздушная» көшесі - «Сазды» көшесі;
«ЛТЦ-15» көшесі - «Арай» көшесі;
«Мир» көшесі - «Бейбітшілік» көшесі;
«Нефтяниктер» көшесі - «Мұнайшылар» көшесі;
«Пионерная» көшесі - «Жасұлан» көшесі;
«Полевая» көшесі - «Көбелей» көшесі;
«Почтовая» көшесі - «Көктөбе» тұйық көшесі;
«Базарный» көшесі - «Жаңаталап» тұйық көшесі;
«Тупиковая» көшесі - «Ақжар» тұйық көшесі;
«Трансформаторная» көшесі - «Құндызды» тұйық көшесі;
«Интернациональная» көшесі - «Тәуелсіздік» даңғылы болып қайта аталсын.