Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в районе Тереңкөл

Қаулы · № 3 · қабылданған 09.01.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128745/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в районе Тереңкөл Күшін жойған Қаулы ·№ 3 ·09.01.2019
14.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в районе Тереңкөл

Күшін жойған Қаулы ·№ 3 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в районе Тереңкөл
Атауы (қаз.)
Тереңкөл ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3
Қабылданған күні
09.01.2019
Көрсетілген редакция
14.08.2020 128745_477524.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PH006241
ЭКБ идентификаторы
128745
Редакция идентификаторы
128745_477524
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:25

0 Тереңкөл ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi айқындалсын.

2 2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің Қашыр ауданының Полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының басшысы Р.Б. Мұқановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің
Қашыр ауданының Полиция бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А. Кәрімов

5 Тереңкөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «9» қаңтарда
№ 3 қаулысына
қосымша
Тереңкөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

1 1) Тереңкөл ауданы әкімінің Құрмет грамотасы;

2 2) Тереңкөл ауданы әкімінің Алғыс хаты;

3 3) ақшалай сыйақы;

4 4) құнды сыйлық.

2 2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

1 1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды;

2

2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің Қашыр ауданының Полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Качир ауданының ПБ) енгізеді;

3 3) комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;

4 4) Качир ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

5 5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Тереңкөл ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, Тереңкөл ауданы әкімінің Алғыс хатын, ақшалай сыйақы, құнды сыйлықтар беруді Качир ауданының ПБ жүзеге асырады.

Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.

Қолданыстағы