Об изменениях в административно-территориальном устройстве Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменениях в административно-территориальном устройстве Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 11.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2019 128759_387326.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19N0008243
- ЭКБ идентификаторы
- 128759
- Редакция идентификаторы
- 128759_387326
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:22
0 Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қайта құрылсын:
Новоалексеев ауылдық округі Алтынсарин ауданының Новоалексеев ауылы болып;
Тобыл ауылдық округі Денисов ауданының Глебовка ауылы болып;
Комаров ауылдық округі Денисов ауданының Комаров ауылы болып;
Есенкөл ауылдық округі Қарабалық ауданының Лесное ауылы болып;
Лесной ауылдық округі Сарыкөл ауданының Большие Дубравы ауылы болып;
Тимирязев ауылдық округі Сарыкөл ауданының Тимирязев ауылы болып;
Чехов ауылдық округі Сарыкөл ауданының Урожайное ауылы болып;
Чапаев ауылдық округі Ұзынкөл ауданының Речное ауылы болып;
Шишкин ауылдық округі Қостанай ауданының Шишкинское ауылы және Суриковка ауылы болып.
2 2. Құрылсын:
құрамында Қамысты ауданының Алтынсарин ауылы және Свободное ауылы бар Қамысты ауданының Алтынсарин ауылдық округі болып;
құрамында Қарасу ауданының Қойбағар ауылы және Амангелді ауылы бар Қарасу ауданының Қойбағар ауылдық округі болып;
құрамында Қостанай ауданының Озерное ауылы, Шишкинское ауылы және Суриковка ауылы бар Қостанай ауданының Озерный ауылдық округі болып.