Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Баянаульском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Баянаульском районе
- Атауы (қаз.)
- Баянауыл ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 18/1
- Қабылданған күні
- 21.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 21.01.2019 128777_387903.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PE006243
- ЭКБ идентификаторы
- 128777
- Редакция идентификаторы
- 128777_387903
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:18
0 Баянауыл ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзышылық профилактикасы туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Баянауыл ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының полиция департаменті Баянауыл ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті
іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Павлодар облысының полиция департаменті
Баянауыл ауданының полиция бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Э. Мусатаев
2019 жылғы «21» қаңтар
5 Баянауыл ауданындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Баянауыл ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы «21» қаңтар № 18/1 қаулысына
қосымша
Баянауыл ауданындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1 1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:
1 1) Баянауыл ауданы әкімінің Құрмет грамотасы;
2 2) Баянауыл ауданы әкімінің Алғыс хаты;
3 3) ақшалай сыйақы;
4 4) құнды сыйлық.
2 2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:
1 1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;
2
2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының полиция департаменті Баянауыл ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Баянауыл ауданының ПБ) енгізеді;
3 3) Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;
4 4) Баянауыл ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;
5 5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу беруді Баянауыл ауданының ПБ жүзеге асырады.
Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.