Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 1 · қабылданған 15.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128785/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий Қолданыста Өзге акт ·№ 1 ·15.01.2019
15.01.2019 редакциясы
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий

Қолданыста Өзге акт ·№ 1 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
15.01.2019
Көрсетілген редакция
15.01.2019 128785_387423.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NJJ08242
ЭКБ идентификаторы
128785
Редакция идентификаторы
128785_387423
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:20

0 Шектеу іс-шараларын тоқтату

туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 16 қазандағы № 01-20/487 ұсынысы негізінде Жітіқара ауданы Приречный ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Приречный ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2

2. Жітіқара ауданының Приречный ауылы әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2018 жылғы 21 маусымдағы № 1 шешімінің (2018 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7923 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Жітіқара ауданының Приречный ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша келесіні қамтамасыз етсін:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімінің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

4 4. Осы шешімнің орындалуын өз бақылауымда қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитеті Қостанай облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Жітіқара аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндет атқарушысы
____________________ Ю. Мокшев
2019 жылғы «11» қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Жітіқара
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Т. Нургазин
2019 жылғы «11» қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жітіқара ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Т. Рамазанов
2019 жылғы «11» қаңтар

Қолданыстағы