Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в районе Аққулы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в районе Аққулы
- Атауы (қаз.)
- Аққулы ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-03/16
- Қабылданған күні
- 21.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2019 128789_413011.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PI006245
- ЭКБ идентификаторы
- 128789
- Редакция идентификаторы
- 128789_413011
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:19
0 Аққулы ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 - бабы 2 - тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 6 - бабы 2 - тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аққулы ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің Лебяжі ауданының Полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шараларды өткізуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімі аппаратының басшысы Т.Т. Кобайдаровқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Министрлігі Павлодар облысы Полиция
департаментінің Лебяжі ауданының
Полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы Т.Бодиев __________
2019 жылғы «23» қаңтар
5 Аққулы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Аққулы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «21» қаңтардағы
№ 1-03/16 қаулысына
қосымша
Аққулы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай
сыйақының мөлшері
1 1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:
1 1) құрмет грамотасы;
2 2) алғыс хат;
3 3) ақшалай сыйақы;
4 4) құнды сыйлық.
2 2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:
1 1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;
2
2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің Лебяжі ауданының Полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Лебяжі ауданының ПБ) енгізеді;