Об определении перечня должностей специалистов в области лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1314
- Қабылданған күні
- 18.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2019 128800_387512.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19L0006660
- ЭКБ идентификаторы
- 128800
- Редакция идентификаторы
- 128800_387512
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:19
0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс
істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексінің 18-бабының
2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының
4-тармағына және ««Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігі қаулысының жобасына келісім беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 283 шешіміне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Қызылоpда облысы әкімдігінің
2019 жылғы «18» қаңтардағы
№1314 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
№
Лауазымдар атауы
1
Орман шаруашылығы КММ басшысы
2
Орман шаруашылығы КММ басшысының орынбасары
3
КММ орманшылық басшысы (орман күтуші)
4
КММ орманшылық басшысының орынбасары
5
КММ жоғары санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, ихтиолог, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
6
КММ бірінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, ихтиолог, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
7
КММ екінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, ихтиолог, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
8
КММ санатсыз біліктілік деңгейі жоғары мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, ихтиолог, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
9
КММ жоғары санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, ихтиолог, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
10
КММ бірінші санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, ихтиолог, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
11
КММ екінші санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, ихтиолог, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
12
КММ санатсыз біліктілік деңгейі орташа мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, ихтиолог, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
КММ – коммуналдық мемлекеттік мекеме;
ЕҚТА - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.