Құжат мәтініне өту

О повышении или понижении ставок земельного налога для целей налогообложения на территории города Абай Карагандинской области

Өзге акт · № 42/460 · қабылданған 10.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128853/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О повышении или понижении ставок земельного налога для целей налогообложения на территории города Абай Карагандинской области Қолданыста Өзге акт ·№ 42/460 ·10.01.2019
17.02.2022 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О повышении или понижении ставок земельного налога для целей налогообложения на территории города Абай Карагандинской области

Қолданыста Өзге акт ·№ 42/460 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О повышении или понижении ставок земельного налога для целей налогообложения на территории города Абай Карагандинской области
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысы Абай қаласының аумағында салық салу мақсатында жер салығының мөлшерлемелерін арттыру немесе азайту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
42/460
Қабылданған күні
10.01.2019
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2020
Көрсетілген редакция
17.02.2022 128853_561784.kaz
Соңғы өзгеріс
17.02.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19KI005163
ЭКБ идентификаторы
128853
Редакция идентификаторы
128853_561784
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:22

0 Қарағанды облысы Абай қаласының аумағында салық салу мақсатында жер салығының мөлшерлемелерін арттыру немесе азайту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын бөлінген жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінде белгіленген, Қарағанды облысы Абай қаласының аумағында салық салу мақсатында арттырылған немесе азайтылған жер салығының мөлшерлері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Салық салу мақсаты үшін жер салығының мөлшерлемелері азайтылған немесе арттырылған Қарағанды облысы Абай қаласының аумағын аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы

Абай аудандық мәслихатының
42 сессиясының
2019 жылғы 10 қаңтардағы
№ 42/460 шешiмiне
1-қосымша
Салық салу мақсаты үшін жер салығының мөлшерлемелері азайтылған немесе арттырылған Қарағанды облысы Абай қаласының аумағын аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы

2 Қарағанды облысы Абай қаласы аумағының салықтық аймақтарының сипаттамасы

Абай аудандық мәслихатының
2019 жылғы 10 қаңтардағы
№ 42/460 шешiмiне
қосымша
Қарағанды облысы Абай қаласы
аумағының салықтық аймақтарының сипаттамасы
Салық аймағының №
Жер салығына төмендетілген немесе жоғарылатылған мөлшерлемелері, %
Аймақты сипаттау
I
+ 50
- 12, 13, 14, 26, 27, 32, 33, 45, 46 тұрғын үй орамдары;
- 1 шағын ауданы;
- Жеңіс даңғылынан бастап 3 шағын ауданға дейінгі аймақ;
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл көшесінің бойында орналасқан 2 қабатты құрылыстың аумағы: К.Маркс - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл көшелерінің қиылысынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл - Абай көшелерінің қиылысына дейін;
- Энгельс көшесі бойындағы көп қабатты құрылыстың аумағы: Энгельс - Абай көшелерінің қиылысынан Энгельс - Курчатов көшелерінің қиылысына дейін;
- Абай көшесі 33 үй;
- 017 есепті орам.
II
+ 30
- 2 шағын ауданы, гараждар мен зират аумағына тиесілі және құрылыс аумағынан бос басқа да аймағы;
- 3 шағын ауданы, шағын ауданның құрылыс аумағынан бос басқа да оңтүстік - шығыс аймағы.
III
0
- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 16, 17, 20, 21, 22, 23, 28, 29, 29а, 30, 30а, 31, 36, 37, 38, 40, 42, 43, 44 тұрғын үй орамдары;
- Абайлық тігін фабрикасының аймағы;
- 34, 35 тұрғын үй орамы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл көшесінің бойында орналасқан 2 қабатты құрылыстың аумағынан басқа: К.Маркс - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл көшелерінің қиылысынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл - Абай көшелерінің қиылысына дейін;
- Калинин, Курчатов көшелерінің, Жеңіс даңғылының арасындағы аймақ оңтүстік - шығысқа қарай қала шекарасына дейін;
- 4 шағын ауданы;
- 11 және 15 тұрғын үй орамдарының аймағы, Энгельс көшесі бойындағы көп қабатты үйлердің аумағынан басқа: Энгельс - Абай көшелерінің қиылысынан Энгельс - Курчатов көшелерінің қиылысына дейін, Абай көшесі 33 үйден басқа;
- гараждар аймағы (есепті орамдар 011, 012, 013, 014, 015, 016, 018).
III
0
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Қарағанды аудандық пайдаланушылық бөлімінің жері (032 есепті орам);
- «Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау бойынша Қарағанды шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің жері (033 есепті орам);
- резервтегі және қала құрылысын салуда қолданылмаған басқа да жерлер (026, 036 есепті орамдар);
- гараждар мен зират аймағына тиесілі, құрылыстан бос 2 шағын ауданының аймағы;
- 3 шағын ауданның құрылыстан бос оңтүстік-шығыс аймағы;
- Жаңа Қараған, Солтүстік Қараған және Оңтүстік Қараған кенттерінің аумағы.
IV
- 20
-Вольный, Кзыл кенттерінің, саяжай нысандары аймақтарының 019, 020, 021, 022 есепті орамдары.

Қолданыстағы