Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20
- Қабылданған күні
- 30.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2020 128884_468146.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19SE005214
- ЭКБ идентификаторы
- 128884
- Редакция идентификаторы
- 128884_468146
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:15
0 Мүгедектерге арналған жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14010 болып тіркелген) бекітілген, Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындарының санынан мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
1
1) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтардағы № 4 «Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4556 болып тіркелді, 2018 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды);
2
2) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 308 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтардағы № 4 «Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4964 болып тіркелді, 2018 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды).
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленген ұйымдардың тізімі
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит
Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің 2019 жылғы «30»
01 № 20 қаулысына қосымша
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленген
ұйымдардың тізімі
Ұйымдар атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері
Белгіленген квотаға (адам) сәйкес жұмыс орындарының саны
« Дружба » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
150
3 %
5
«АЗКО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
80
2 %
2