Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Бұйрық · № 26 · қабылданған 24.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128890/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 26 ·24.01.2019
24.05.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 26 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
26
Қабылданған күні
24.01.2019
Көрсетілген редакция
24.05.2024 128890_704193.kaz
Соңғы өзгеріс
24.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018250
ЭКБ идентификаторы
128890
Редакция идентификаторы
128890_704193
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:17

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ»
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Ақ­па­рат және
ком­му­ни­ка­ци­я­лар ми­ни­стр­лі­гі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ»
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық
да­му ми­ни­стр­лі­гі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

10 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 24 қаңтардағы
№ 26 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі

1

1. «Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін және Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 30/98 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7528 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінің № 269-273 (27347) сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру туралы ережесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың нөмірлі кеуде белгісі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың жеке нөмірі бар кеуде белгісі ретінде тиісті нысанды киімге тағып жүруге арналады.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың жеке нөмірі төрт символдан тұрады:
1) бірінші символ – латын әліпбиімен белгіленген, Қазақстан Республикасының облыстарына және республикалық маңызы бар қалаларына, астанаға бекітілген литерлік код;
2) соңғы үш символ – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен және берген ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың жеке нөмірі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың жеке нөмірлерін беру осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес рет-ретімен жүзеге асырылады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киiмді (погонсыз) киіп жүру тәртібі»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 232 (28455) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ережеде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы Ереженiң 5 және 6-тармақтарында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарауды қоса алғанда, тексеріс және профилактикалық бақылау және қадағалау түрінде жүзеге асырады.
8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Кодекске және Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттарында;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу құнын жеке және заңды тұлғаларға өтеу тәртібі»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнайы комиссияның құрамына жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың, ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, мемлекеттік ветеринариялық ұйымның, кәсіпкерлік субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.
Арнайы комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссияның төрағалары облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдері немесе олардың орынбасарлары болып табылады.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу кезіндегі құнын өтеудің шарттары»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын жеке және заңды тұлғаларға өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібі»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын жеке және заңды тұлғаларға өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібі»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орны ауыстырылатын (тасылатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Орны ауыстырылатын (тасылатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Орны ауыстырылатын (тасылатын) объектіні импорттау кезінде оның соңғы межелі пунктінде сынамаларды іріктеп алу және оның ветеринариялық-санитариялық сараптамасы жүзеге асырылады.
Мәліметтер мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың қолымен және мөрімен расталады.».

3

3. «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10466 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өтініштерді қабылдау және өндіріс объектісіне есепке алу нөмірлерінің нәтижелерін беру ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тиісті бөлімшелерінің кеңселері немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру тәртібі»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Ведомство алынған растау көшірмесінің негізінде өндіріс объектісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mоа.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылатын тізілімге енгізеді.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

4

4. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 98 (28576) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тәсілмен бірдейлендіруге Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары жатады.
Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:
бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
тақ тұяқты жануарлардың төлі (есектер, қашырлар, пони, зебра, құлан және басқа жануарлар) – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және халықтың шаруашылықтарында күтіп-бағылатын торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар – тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
3. Тоғыз айлық жасқа дейінгі жылқылар, тақ тұяқты жануарлар мен торайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі он екі символдан тұрады, олардың мынадай белгілері бар:
бірінші екі символ – ISO – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі);
үшінші символ – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік коды (латын бас әрпі);
төртінші символ – ауыл шаруашылығы жануары түрінің сандық коды;
бесінші мен он екінші аралығындағы символдар – ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірі.
4. Жылқының және тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірі он символдан тұрады, олардың мынадай белгілері бар:
бірінші екі символ – ISO–Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі);
үшінші символ – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік коды (латын бас әрпі);
төртінші символ – жылқының сандық коды (4), тақ тұяқты жануарлардың сандық коды (6);
бесінші мен оныншы аралығындағы символдар – жылқының, тақ тұяқты жануарлардың реттік нөмірі.
Құлындарға және тақ тұяқты жануарлар төлдеріне төрт айлық жасына жетуі бойынша таңбалау әдісімен кейіннен бірдейлендіру жүргізілген жағдайында туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасында жылқылар мен тақ тұяқты жануарлардың (енесі жағынан ата-енесінің) жеке нөмірінен және жылқылардың және тақ тұяқты жануарлардың (енесі жағынан ата-енесінің) құлындаған құлындардың және тақ тұяқты жануарлар төлдерінің реттік нөмірінен тұратын уақытша бірдейлендіру нөмірі беріледі. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасында құлындардың және тақ тұяқты жануарлар төлдерінің уақытша жеке нөмірі жануарлар иелеріне ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасынан үзінді-көшірме бере отырып слеш (KZF4000155/1) арқылы көрсетіледі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмірлерді беру әр облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін процессингтік орталық жеке өткізетін жеке нөмірлердің эмиссиясына сәйкес кезектілікпен жүзеге асырылады. Жеке нөмірлердің эмиссиясы тоғыз айлық жасқа дейін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған торайларға, төрт айлық жасқа жеткенде таңбалау әдісімен кейіннен бірдейлендіру жағдайында құлындар және тақ тұяқты жануарлардың төлдері үшін жүргізілмейді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бекітіліп берілген Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік және сандық кодтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларына арналған сандық кодтар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес беріледі.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жеке нөмірді беру ауыл шаруашылығы жануарларының түріне қарай келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:
1) сырғалау (тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын, өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, шошқалар және торайлар үшін);
2) таңба басу (төрт айлық жасқа толғаннан бастап) немесе чип салу (туғаннан бастап жеті күн өткеннен кейін) (жылқылар және тақ тұяқты жануарлар үшін);
3) татуировка (ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін кейіннен сою үшін бордақылауға арналған торайлар үшін).»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
11. Таңба басу ыстық немесе суық тәсілдермен жүзеге асырылады. Жылқыны және тақ тұяқты жануарларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларына таңба дененің сол жағына жамбас аумағына салынады.
Жылқыларға және тақ тұяқты жануарларға таңба денесінің сол жағына жауырын (клеймо) және жамбас аумағына (реттік нөмір) немесе тек жамбас аумағына (клеймо және реттік нөмір) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес салынады.
Таңба ең көбі алты символдан тұрады:
бірінші және екінші символдар (міндетті емес), ауыл шаруашылығы жануары иесінің клеймосы. Клеймо бір немесе екі латын немесе араб бас әрпі (тері) және/немесе сан(дар), геометриялық фигура(лар) болып табылады. Клеймо бір әріп немесе сан немесе фигурадан құралған жағдайда, таңба төрт символдан құралады. Клеймо ауыл шаруашылығы жануары иесінің қалауы бойынша салынады;
үшінші және төртінші символдар (міндетті) осы Қағидалардың 3,4 және 5-тармақтарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірінің алғашқы сандарының (соңғы екі санды қоспағанда) жиыны. Жылқыда және тақ тұяқты жануарларда бұл біріншіден төртіншіге дейінгі реттік нөмір сандарының жиыны, ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлерінде біріншіден алтыншыға дейінгі реттік нөмір сандарының жиыны. Егер жануардың реттік нөмірінің алғашқы сандарының жиынтығында жиынтық бір символды құраса, онда таңбаға бір символ салынады. Егер символда нөл бар болса, онда ол таңбаға салынбайды;
бесінші және алтыншы символдар (міндетті), осы Қағидалардың 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес берілген жануардың реттік нөмірінің соңғы екі саны. Жылқыларда және тақ тұяқты жануарларда бұл реттік нөмірдің бесінші және алтыншы сандары, ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлерінде реттік нөмірдің жетінші және сегізінші сандары.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібі»;
22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Облыстың жергілікті атқарушы органы:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясын жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдардың (құралдардың) процессингтік орталықтан алынуына қарай аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына олардың қажеттіліктеріне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдарды (құралдарды), ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясына сәйкес жылқылардың және тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлерін және ветеринариялық паспорттарды бөледі;
2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;
3) дерекқордың тұрақты негізде жүргізілуін ұйымдастырады.
23. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясын жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдардың (құралдардың) процессингтік орталықтан алынуына қарай, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдарды (құралдарды), ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясына сәйкес жылқылардың және тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлерін және ветеринариялық паспорттарды береді;
2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;
3) дерекқордың тұрақты негізде жүргізілуін ұйымдастырады.
24. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:
1) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдарды (құралдарды), ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясына сәйкес жылқылардың және тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлерін, ветеринариялық паспорттарды береді;
2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;
3) дерекқордың тұрақты негізде жүргізілуін ұйымдастырады.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт беру тәртібі»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.

6

6. «Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 7-1/848 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12243 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымның әкімшіліктері (бұдан әрі - ұйым) Заңның 24-бабы 4-тармағына сәйкес ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерін құрады.
Өндірістік бақылау бөлімшелеріне жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау үшін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген мемлекеттік зертханаларды (орталықтарды) тартуға жол беріледі.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ветеринариялық препараттарды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіретін ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар».

1 Қазақстан Республикасының облыстарына және республикалық маңызы бар қалаларына, астанасына бекітіліп берілген латын әліпбиінің әріптерімен белгіленген литерлік кодтар

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру қағидаларына
қосымша
Қазақстан Республикасының облыстарына және республикалық маңызы бар қалаларына, астанасына бекітіліп берілген латын әліпбиінің әріптерімен белгіленген литерлік кодтар
Атауы
Бекітіліп берілген әріп символы
1
Астана қаласы
Z
2
Алматы қаласы
A
3
Шымкент қаласы
Y
4
Ақмола облысы
C
5
Алматы облысы
B
6
Ақтөбе облысы
D
7
Атырау облысы
E
8
Шығыс Қазақстан облысы
F
9
Жамбыл облысы
H
10
Батыс Қазақстан облысы
L
11
Қарағанды облысы
M
12
Қызылорда облысы
N
13
Қостанай облысы
P
14
Маңғыстау облысы
R
15
Павлодар облысы
S
16
Солтүстік Қазақстан облысы
T
17
Түркістан облысы
X

2 Қызмет түрін және өндіріс объектісінің нөмірін қамтитын кодтан тұратын есептік нөмір

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азық және азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына
1-қосымша
Қызмет түрін және өндіріс объектісінің нөмірін қамтитын кодтан тұратын есептік нөмір
Қызмет түрі
Коды
1
Жануарлар мен құс өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері
K
2
Жануарларды дайындауды (союды) және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері:
ет өңдеуші кәсіпорындар;
U1
сою пункттері;
U2
сою алаңдары;
U3
құс өңдеуші кәсіпорындар
U4
3
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері:
ет;
G1
балық және балық өнімдері;
G2
бал және балара шаруашылығы өнімдері;
G3
жануарлардан алынатын шикізат
G4
сүт және сүт өнімдері
G5
4
Ветеринариялық препараттарды сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер
Y
5
Ветеринариялық препараттарды өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын объектілер
V
6
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер
W
7
Азық және азықтық қоспаларды өндіруді, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер
O
Код
Атауы
1
2
3
1
KZ
Қазақстан Республикасы
2
C
Ақмола облысы
3
01
Ақкөл ауданы
4
02
Аршалы ауданы
5
03
Астрахан ауданы
6
04
Атбасар ауданы
7
05
Бұланды ауданы
8
06
Көкшетау қаласы
9
07
Степногорск қаласы
10
08
Егіндікөл ауданы
11
09
Біржан сал ауданы
12
10
Ерейментау ауданы
13
11
Есіл ауданы
14
12
Жақсы ауданы
15
13
Жарқайың ауданы
16
14
Зеренді ауданы
17
15
Қорғалжын ауданы
18
16
Сандықтау ауданы
19
17
Целиноград ауданы
20
18
Шортанды ауданы
21
19
Щучье ауданы
22
B
Алматы облысы
23
01
Ақсу ауданы
24
02
Алакөл ауданы
25
03
Балқаш ауданы
26
04
Еңбекшіқазақ ауданы
27
05
Ескелді ауданы
28
06
Жамбыл ауданы
29
07
Іле ауданы
30
08
Қарасай ауданы
31
09
Қаратал ауданы
32
10
Кербұлақ ауданы
33
11
Көксу ауданы
34
12
Панфилов ауданы
35
13
Райымбек ауданы
36
14
Сарқант ауданы
37
15
Талғар ауданы
38
16
Ұйғыр ауданы
39
17
Қапшағай қаласы
40
18
Талдықорған қаласы
41
19
Текелі қаласы
42
20
Кеген ауданы
43
D
Ақтөбе облысы
44
01
Әйтеке би ауданы
45
02
Алға ауданы
46
03
Байғанин ауданы
47
04
Ақтөбе қаласы
48
05
Ырғыз ауданы
49
06
Қарғалы ауданы
50
07
Мәртөк ауданы
51
08
Мұғалжар ауданы
52
09
Темір ауданы
53
10
Ойыл ауданы
54
11
Қобда ауданы
55
12
Хромтау ауданы
56
13
Шалқар ауданы
57
E
Атырау облысы
58
01
Атырау қаласы
59
02
Жылыой ауданы
60
03
Индер ауданы
61
04
Исатай ауданы
62
05
Қызылқоға ауданы
63
06
Құрманғазы ауданы
64
07
Мақат ауданы
65
08
Махамбет ауданы
66
F
Шығыс Қазақстан облысы
67
01
Өскемен қаласы
68
02
Аягөз қаласы
69
03
Алтай қаласы
70
04
Курчатов қаласы
71
05
Семей қаласы
72
06
Риддер қаласы
73
07
Абай ауданы
74
08
Аягөз ауданы
75
09
Бесқарағай ауданы
76
10
Бородулиха ауданы
77
11
Глубокое ауданы
78
12
Жарма ауданы
79
13
Зайсан ауданы
80
14
Алтай ауданы
81
15
Катон-Қарағай ауданы
82
16
Көкпекті ауданы
83
17
Күршім ауданы
84
18
Тарбағатай ауданы
85
19
Ұлан ауданы
86
20
Үржар ауданы
87
21
Шемонаиха ауданы
88
H
Жамбыл облысы
89
01
Байзақ ауданы
90
02
Жамбыл ауданы
91
03
Жуалы ауданы
92
04
Қордай ауданы
93
05
Мерке ауданы
94
06
Мойынқұм ауданы
95
07
Т.Рысқұлов ауданы
96
08
Сарысу ауданы
97
09
Талас ауданы
98
10
Шу ауданы
99
11
Тараз қаласы
100
L
Батыс Қазақстан облысы
101
01
Ақжайық ауданы
102
02
Бекейорда ауданы
103
03
Бөрлі ауданы
104
04
Жаңақала ауданы
105
05
Жәнібек ауданы
106
06
Зеленов ауданы
107
07
Қазталов ауданы
108
08
Қаратөбе ауданы
109
09
Сырым ауданы
110
10
Тасқала ауданы
111
11
Теректі ауданы
112
12
Шыңғырлау ауданы
113
13
Орал қаласы
114
P
Қостанай облысы
115
01
Алтынсарин ауданы
116
02
Аманкелді ауданы
117
03
Әулиекөл ауданы
118
04
Денисовка ауданы
119
05
Жангелді ауданы
120
06
Жітіқара ауданы
121
07
Қамысты ауданы
122
08
Қарабалық ауданы
123
09
Қарасу ауданы
124
10
Қостанай ауданы
125
11
Меңдіқара ауданы
126
12
Наурызым ауданы
127
13
Сарыкөл ауданы
128
14
Таранов ауданы
129
15
Ұзынкөл ауданы
130
16
Федоров ауданы
131
17
Қостанай қаласы
132
18
Арқалық қаласы
133
19
Лисаковск қаласы
134
20
Рудный қаласы
135
M
Қарағанды облысы
136
01
Абай ауданы
137
02
Ақтоғай ауданы
138
03
Бұхар жырау ауданы
139
04
Жаңаарқа ауданы
140
05
Қарқаралы ауданы
141
06
Нұра ауданы
142
07
Осакаров ауданы
143
08
Ұлытау ауданы
144
09
Шет ауданы
145
10
Қарағанды қаласы
146
11
Балқаш қаласы
147
12
Жезқазған қаласы
148
13
Қаражал қаласы
149
14
Приозерск қаласы
150
15
Саран қаласы
151
16
Сәтпаев қаласы
152
17
Теміртау қаласы
153
18
Шахтинск қаласы
154
N
Қызылорда облысы
155
01
Арал ауданы
156
02
Қазалы ауданы
157
03
Қармақшы ауданы
158
04
Жалағаш ауданы
159
05
Сырдария ауданы
160
06
Шиелі ауданы
161
07
Жаңақорған ауданы
162
08
Қызылорда қаласы
163
09
Байқоңыр қаласы
164
R
Маңғыстау облысы
165
01
Бейнеу ауданы
166
02
Қарақия ауданы
167
03
Маңғыстау ауданы
168
04
Түпқараған ауданы
169
05
Ақтау қаласы
170
06
Жаңаөзен қаласы
171
07
Мұнайлы ауданы
172
S
Павлодар облысы
173
01
Павлодар қаласы
174
02
Ақсу қаласы
175
03
Екібастұз қаласы
176
04
Ақтоғай ауданы
177
05
Баянауыл ауданы
178
06
Железинка ауданы
179
07
Ертіс ауданы
180
08
Тереңкөл ауданы
181
09
Аққулы ауданы
182
10
Май ауданы
183
11
Павлодар ауданы
184
12
Успен ауданы
185
13
Шарбақты ауданы
186
T
Солтүстік Қазақстан облысы
187
01
Айыртау ауданы
188
02
Ақжар ауданы
189
03
Аққайың ауданы
190
04
Есіл ауданы
191
05
Жамбыл ауданы
192
06
М. Жұмабаев ауданы
193
07
Қызылжар ауданы
194
08
Мамлют ауданы
195
09
Ғ. Мүсірепов ауданы
196
10
Тайынша ауданы
197
11
Тимирязев ауданы
198
12
Уәлиханов ауданы
199
13
Шал ақын ауданы
200
14
Петропавл қаласы
201
X
Түркістан облысы
202
01
Арыс ауданы
203
02
Бәйдібек ауданы
204
03
Қазығұрт ауданы
205
04
Мақтаарал ауданы
206
05
Ордабасы ауданы
207
06
Отырар ауданы
208
07
Сайрам ауданы
209
08
Сарыағаш ауданы
210
09
Созақ ауданы
211
10
Төлеби ауданы
212
11
Түлкібас ауданы
213
12
Шардара ауданы
214
13
Арыс қаласы
215
14
Түркістан қаласы
216
15
Кентау қаласы
217
16
Жетісай ауданы
218
17
Келес ауданы
219
А
Алматы қаласы
220
01
Алатау ауданы
221
02
Алмалы ауданы
222
03
Әуезов ауданы
223
04
Бостандық ауданы
224
05
Жетісу ауданы
225
06
Медеу ауданы
226
07
Түркісіб ауданы
227
08
Наурызбай ауданы
228
Z
Астана қаласы
229
01
Алматы ауданы
230
02
Есіл ауданы
231
03
Сарыарқа ауданы
232
04
Байқоңыр ауданы
233
Ү
Шымкент қаласы
234
01
Абай ауданы
235
02
Әл-Фараби ауданы
236
03
Еңбекші ауданы
237
04
Қаратау ауданы
Ескертпе:
Есептік нөмір символдардан тұрады және құрылымы мынадай:
бірінші символ - елдің коды - КZ;
екінші символ – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;
үшінші символ – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;
төртінші символ - өндіріс объектісінің қызметі түрінің коды;
бесінші символ - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
алтыншы символ - Е (экспорттаушылар үшін).
Мысалы: КZ С.01/G1-0001/Е;
КZ - елдің коды
С - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;
01 - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коды (реттік нөмірі);
G1 - өндіріс объектісінің қызмет түрі;
0001 - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
Е - экспорттаушы.

3 Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлiк және саңдық кодтары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына
1-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлiк және саңдық кодтары
Литерлiк код
Штрих-кодқа арналған сандық код
Атауы
1.
KZ
398
Қазақстан Республикасы
2.
С
01
Ақмола облысы
3.
B
02
Алматы облысы
4.
D
03
Ақтөбе облысы
5.
E
04
Атырау облысы
6.
F
05
Шығыс Қазақстан облысы
7.
H
06
Жамбыл облысы
8.
L
07
Батыс Қазақстан облысы
9.
P
08
Қостанай облысы
10.
M
09
Қарағанды облысы
11.
N
10
Қызылорда облысы
12.
R
11
Маңғыстау облысы
13.
S
12
Павлодар облысы
14.
T
13
Солтүстік Қазақстан облысы
15.
Х
14
Түркістан облысы
16.
A
15
Алматы қаласы
17.
Z
16
Астана қаласы
18.
Ү
17
Шымкент қаласы
Ауыл шаруашылығы жануарларының сандық коды
1 – iрi қара мал
2 – ұсақ мал
3 – шошқалар
4 – жылқылар
5 – түйелер
6 – тақ тұяқты жануарлар

4 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне

4-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына
3-1-қосымша
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайлардың бірдейлендіру нөмірі:
Мысалы:
Жануардың жеке нөмірі:
мұнда:
KZC3000000012 – торайдың енесінің бірдейлендіру нөмірі;
17 – торайдың туған жылының соңғы екі саны;
12 – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал бастарын шаруашылық ішіндегі есепке алуға сәйкес торайдың реттік нөмірі.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайлардың татуировкасы:
17/12
мұнда:
17 – торайдың туған жылының соңғы екі саны;
12 – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал бастарын шаруашылық ішіндегі есепке алуға сәйкес торайдың реттік нөмірі.

Қолданыстағы