Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по организации эксплуатации военного имущества Вооруженных Сил Республики Казахстан (грузоподъемных механизмов, котлов и сосудов, работающих под давлением)

Бұйрық · № 55 · қабылданған 28.01.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128892/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по организации эксплуатации военного имущества Вооруженных Сил Республики Казахстан (грузоподъемных механизмов, котлов и сосудов, работающих под давлением) Күшін жойған 14.10.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Инструкции по организации эксплуатации военного имущества Вооруженных Сил Республики Казахстан (грузоподъемных механизмов, котлов и сосудов, работающих под давлением)

Күшін жойған Бұйрық № 55 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по организации эксплуатации военного имущества Вооруженных Сил Республики Казахстан (грузоподъемных механизмов, котлов и сосудов, работающих под давлением)
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
55
Қабылданған күні
28.01.2019
Көрсетілген редакция
14.10.2022 128892_598584.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018256
ЭКБ идентификаторы
128892
Редакция идентификаторы
128892_598584
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:15
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженiң 21-тармағының 19-62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор М.М. Алтынбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 28 қаңтардағы
№ 55 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын) (бұдан әрі – Нұсқаулық) жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды пайдалануды ұйымдастыруды нақтылайды.

3. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның заңды тұлғаның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындау құқығын ресми тануы;

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатқа басшылық жасауды және оны салааралық үйлестіруді, әзірлеуді және жүзеге асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары – өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық және әлеуметтік сипаттағы арнайы шарттар.

4. Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды қауіпсіз пайдалану бойынша өндірістік бақылауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығының қазандықтарды қадағалау және көтеру механизмдері бөліміне (бұдан әрі – қазандықтарды қадағалау бөлімі) жүктеледі.

5. Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланудың өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы өндірістік бақылауды ұйымдастыру, жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды техникалық куәландыруды уақтылы жүргізуді бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығының қазандықтарды қадағалау және көтеру механизмдері бөліміне (бұдан әрі – қазандықтарды қадағалау бөлімі) жүктеледі.

6. Қауіпті техникалық құрылғыларға:

1) жылу желілерін қоспағанда, 0,07 мега-Паскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан жоғары суды қыздыру температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;

2) жүк көтеру механизмдері, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер;

3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің 0,07 мега-Паскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары, 0,07 мега-Паскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, жүк көтеру механизмдері, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер жатады.

2-тарау. Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануда өндірістік бақылауды ұйымдастыру

7. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде (бұдан әрі – әскери бөлімдер) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы өндірістік бақылау әскери бөлім командирінің бұйрығы және осы Нұсқаулық негізінде жүзеге асырылады.

8. Әскери бөлімнің қауіпті техникалық құрылғыларын пайдалануға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау туралы бұйрықта:

1) қауіпті техникалық құрылғыларға қызмет көрсету және пайдалану үшін оқытылып үйретілген және аттестатталған жеке құрам (бұдан әрі – қызмет көрсетуші персонал);

2) әскери бөлімнің қауіпті техникалық құрылғыларының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуын қадағалау жөніндегі жауапты лауазымды адам (бұдан әрі – қадағалау жөніндегі адам);

3) әрбір құрылғының паспортына тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күнін көрсетумен жазбаларды және тағайындалған адамның қолтаңбаларын енгізумен инженерлік-техникалық құрам қатарынан қауіпті техникалық құрылғылардың ақаусыз жай-күйіне және оларды қауіпсіз пайдалануға жауапты адам (бұдан әрі – пайдалануға жауапты адам);

4) крандармен (жүк көтеру механизмдерімен) жүктердің орнын ауыстыру жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін жауапты адам (бұдан әрі – жұмыс жетекшілері);

5) өнеркәсіптік қауіпсіздік және басшылық құжаттар талаптарын білуін кезең-кезеңімен тексеру үшін әскери бөлім командирі орынбасарының (бас инженердің) төрағалық етуімен тұрақты әрекеттегі комиссия;

6) қауіпті техникалық құрылғыларды ақаусыз жай-күйде ұстауды қамтамасыз ететін профилактикалық қарап тексеру, жөндеу мен сынаулар мерзімдері;

7) қызмет көрсететін персоналды өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқытып үйрету және оның талаптарын білуін кезең-кезеңімен тексеру;

8) қауiптi техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсетудің және куәландырудың жоспар-кестесін әзiрлеуге және орындауға жауапты;

9) қауiптi техникалық құрылғылардың түрлерi бойынша техникалық куәландыру жөніндегі жұмыстарды дайындау және жүргiзу үшiн қажеттi мерзімдер, қажеттi үй-жайлар (алаңдар), материалдар, жабдық және айла-бұйымдар;

10) қауiптi техникалық құрылғыларды пайдалану кезiнде авариялар мен қайғылы оқиғалардан сақтандыру жөнiндегi іс-шаралар айқындалады.

9. Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануда өндірістік бақылауды сапалы ұйымдастыру, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді және куәландыруды жоспарлау мақсатында әскери бөлімдерде жыл сайын қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсетудің және куәландырудың жоспар-кестесі әзірленеді, оларда мыналар көзделеді:

1) әскери бөлімнің қауіпті техникалық құрылғыларының өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптамалар жүргізу;

2) жоғары қысымды бу қазандығын ішкі тексеру және жұмыс қысымымен гидравликалық сынау – ішкі жылыту қабаттарын немесе қазандықтың элементтерін тазалағаннан кейін;

3) қазандыққа және қосалқы жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу – жасаушы зауыт көздеген мерзімдерде, бірақ кемінде жылына бір реттен сиретпей;

4) жұмыс жағдайындағы қазандықты кезең-кезеңімен тексеру – айына бір рет;

5) қазандықты бастапқы және мерзімдік техникалық куәландыру (монтаждаудан кейінгі ішкі тексеру және одан әрі – төрт жылда бір рет);

6) монтаждаудан кейінгі және одан әрі сынау қысымымен қазандықты гидравликалық сынау – сегіз жылда бір рет;

7) жұмыс күйінде қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды кезең-кезеңімен тексеру – екі айда бір рет;

8) тат баспайтын ортада жұмыс істейтін ыдыстарды ішкі қарап тексеру –екі жылда бір реттен сиретпей, ал металды таттандыратын ортада – жылына бір реттен сиретпей;

9) жоғары қысымды ыдыстарды бастапқы және кезең-кезеңімен техникалық куәландыру (жұмысқа кірісер алдында және одан әрі ішкі қарап тексеру – төрт жылда бір рет, жұмысқа кірісер алдында және одан әрі сынау қысымымен гидравликалық сынау – сегіз жылда бір рет);

10) ыдыстарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу – жылына бір реттен сиретпей;

11) жоғары қысымды баллондардың техникалық жай-күйін, сақтау шарттарын, толтырылуын, тасымалдануын, куәландырылуын және пайдаланылуын кезең-кезеңімен тексеру – екі айда бір реттен сиретпей;

12) сынау учаскелерiнде баллондарды куәландыру – баллондардың паспорттарында көрсетiлген мерзiмдерде, бiрақ «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) көрсетілген мерзiмдерден сиретпей (бұдан әрі – Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары);

13) толық техникалық куәландыру – лифтіні орнату және реконструкциялау кезінде, пайдалануға берілгенге дейін;

14) лифтілер мен көтергiштердi кезең-кезеңімен техникалық куәландыру – жылына бiр реттен сиретпей;

15) лифтілер мен көтергiштердi ішінара техникалық куәландыру – жаңадан орнатылған және жөнделген элементтердi ауыстыру жөніндегі жұмыстарды орындағаннан кейiн;

16) лифтілер мен көтергiштердiң қорғаныш және бұғаттаушы құрылғыларының жұмысын тексеру – алты айда бiр рет;

17) жүк көтеру машиналарын кезең-кезеңімен қарап тексеру – айына бiр рет;

18) жүк көтеру машиналарын ішінара куәландыру – жылына бір рет;

19) жүк көтеру машиналарын толық техникалық куәландыру – үш жылда бір рет;

20) жүк көтеру механизмдеріне техникалық қызмет көрсету – жасаушы зауыттың нұсқаулығында және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген) көзделген мерзiмдерде (бұдан әрі – жүк көтеру механизмдерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары);

21) электр жабдығының, электр желiлерiнің оқшаулау кедергісін, жерге түйістіру кедергiсiн өлшеу – көпiр, тіреуіш крандар, аспалы крандар, электр көтергiштерi үшiн жылына бiр рет;

22) сыртқы қарап тексеру, бу және ыстық су құбырларының арматурасы мен металл конструкцияларын жөндеу – жылына бір реттен сиретпей;

23) бу және ыстық су құбырларын техникалық куәландыру – үш жылда бір реттен сиретпей;

24) бу және ыстық су құбырларын сыртқы қарап тексеру және гидравликалық сынау – ол екі жылдан астам уақыт сақтауда болғаннан кейін монтаждаудан, дәнекерлеуді қолданумен жөндегеннен кейін пайдалануға беру алдында;

25) қауіпті техникалық құрылғыларға қызмет көрсетуге (жөндеуге) арналған техникалық шарттардың (цехтың технологиялық және техникалық мүмкіндіктері, сынаулар пункті) орындалуын тексеру – екі айда бір реттен сиретпей. Баллондарды сынауға арналған пункт жабдықтарының, айла-бұйымдарының, құрылғылары мен құжаттарының тізбесі осы Нұсқаулықтқа 1-қосымшада көрсетілген;

26) өлшеу техникасының зертханасында бақылау-өлшеу құралдарын тексеру – жылына бір реттен сиретпей;

27) барокамераны сыртқы қарап тексеру, қолданылуда тексеру, қызмет көрсету – жылына бір реттен сиретпей;

28) барокамераны техникалық куәландыру – екі жылда бір реттен сиретпей.

9. Әскери бөлімдер жыл сайын 30 қарашаға дейін талдау жүргізеді және қауіпті техникалық құрылғыларды күтіп-ұстау және пайдалану туралы жеткізілімдерді осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазандықтарды қадағалау бөліміне жолдайды.

3-тарау. Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды пайдалануды ұйымдастыру

10. Қауіпті техникалық құрылғыларға жататын жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру үшін қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланушы лауазымды адамдар мен жеке құрам оқудан және «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12479 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай үлгідегі куәліктерді алғаннан кейін жұмыс істеуге жіберіледі.

11. Қауіпті техникалық құрылғыларда жұмыс істеуге тартылатын мамандарды оқыту және білімін тексеру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді оқыту, қайта даярлау үшін аттестатталған оқу ұйымдарында жүргізіледі.

12. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының талаптарына сәйкес қауіпті техникалық құрылғылар өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптауға жатады.

13. Стационарлық қазандықтардың жоғары қысымды бу қазандарын пайдалану кезінде:

1) жасаушы зауыттың (мамандандырылған ұйымның) ұсынымдарын ескере отырып үрлеудің, құнарландырылған судың нормасы мен сапасын, қазандарды тазалауға және жууға тоқтату мерзімдерін көрсетумен режимдік карталарды әзірлеу;

2) бастықтар мен ауысым инженерлерін (тиісті біліктілігі бар лауазымды адамдар) тағайындау;

3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен бекітілген қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес стационарлық қазандықтардың жоғары қысымды бу қазандарының ақаусыз жай-күйіне және қауіпсіз пайдалануға қадағалауды жүзеге асыратын адамдар үшін технологиялық регламент әзірлеу және бекіту қажет.

14. Жүк көтеру механизмдері мен лифттерді пайдалану кезінде:

1) жүк көтеру механизмдерін пайдалануға жарамды қосалқы жүкқармауыш механизмдермен және айлабұйымдармен қамтамасыз ету;

2) осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес жүк көтеру механизмдерін бақылау жүктерімен тексеру және техникалық куәландыру үшін алаңдарды жабдықтау (бір гарнизонда бір алаң жабдықтауға рұқсат етіледі);

3) электрлік ток соғудан қорғауды қамтамасыз ететін құралдарды (резеңке кілемшелер, диэлектрлік қолғаптар, электрлік ток соғудан қорғау автоматтары) тексеру мен сынауды ұйымдастыру қажет.

15. Жоғары қысымды ыдыстарды пайдалану кезінде:

1) ыдыстарды жарамды жай-күйде ұстауды және оларды сақтаудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету;

2) техникалық қызмет көрсету мен техникалық куәландыруды сапалы және уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету;

3) Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес ыдыстардың ақаусыз жай-күйіне және қауіпсіз пайдалануға қадағалауды жүзеге асыратын адамдар үшін технологиялық регламент әзірлеу және бекіту қажет.

16. Адам өмірі мен денсаулығына қатер, ақаулықтар немесе жүк көтеру механизмдерінің, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстардың апаттық жай-күйі, сондай-ақ осы Нұсқаулыққа 4-қосымшада көзделген жағдайлар туындаған кезде әскери бөлімнің лауазымды адамдары қауіпті техникалық құрылғылардың жұмысын дереу тоқтатады.

4-тарау. Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды есепке алу, жұмысқа жіберуге рұқсат алу

17. Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды есепке алу, жұмысқа жіберуге рұқсат алу «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

18. Жүк көтеру механизмдері, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстар осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес әскери бөлімдерде есепке алынуға тиіс.

19. Әскери бөлiм осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды қауіпсіз пайдалануға бақылауды жүзеге асыру үшін қауiптi техникалық құрылғылар туралы мәліметті қазандықтарды қадағалау бөліміне жолдайды.

20. Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды есепке қойғаннан (тіркелгеннен) кейін паспортта (формулярда) мынадай ақпарат көрсетіледі:

1) есепке алу (тіркеу) нөмірі;

2) техникалық куәландыру нәтижелері.

21

5-тарау. Қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландыруды ұйымдастыру

22. Жасаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқаулығының талаптарына сәйкес, сондай-ақ Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, «Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 360 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 ақпанда № 10251 тіркелген) талаптарына сәйкес әрбір жүк көтеру механизмі, қысыммен жұмыс істейтін қазандық және ыдыс техникалық куәландыруға тартылады:

1) бастапқы – пайдалануға беру алдында;

2) мерзімдік – пайдалану процесінде;

3) кезектен тыс (мерзімінен бұрын) – жөндеуден кейін.

23. Арсеналдарда, базалар мен қоймаларда жұмсалмайтын қорда сақтауда тұрған қауіпті техникалық құрылғылар, егер жасаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқаулығында қосымша талаптар болмаса, сақтау процесінде мерзімдік техникалық куәландыруға тартылмайды.

24. Қауiптi техникалық құрылғыны техникалық куәландыру:

1) қауіпті техникалық құрылғының өзінің паспорттық деректеріне сәйкес келуін;

2) оның қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қауіпті техникалық құрылғының ақаусыздығын;

3) қауіпті техникалық құрылғыны қауіпсіз пайдалануды ұйымдастырудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуін белгілейді.

25. Жасаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқаулығында қауіпті техникалық құрылғыға техникалық куәландыру жүргізу тәртібі болмаған кезде техникалық куәландыру Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының және Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

26. Қауіпті техникалық құрылғыны пайдалануға беру алдында техникалық куәландыру, мерзімдік және кезектен тыс техникалық куәландыру Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының және Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

27. Баллондарды, ыдыстарды техникалық куәландыру Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының және Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес баллондарды, ыдыстарды сынау пунктінде жүргізіледі. Баллондарды, ыдыстарды техникалық куәландыру нәтижелері осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баллондарды сынауды есепке алу журналында жазылады.

28. Паспортта көрсетілген техникалық куәландырудың белгіленген мерзімі болған кезде қауіпті техникалық құрылғыны пайдалануға жол берілмейді. Белгіленген қызмет мерзімдерінің, техникалық куәландыру мерзімдерінің өтуін қоса алғанда, қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланудан шығарудың барлық жағдайлары, оны жөндеу, тіркеуден алу, сақтауға қою әскери бөлім командирінің бұйрығымен жүзеге асырылады.

29. Қауіпті техникалық құрылғы, егер:

1) оны қауіпсіз пайдалануға ықпал ететін қауіпті ақаулар немесе зақымданулар болмаса;

2) жұмыстар жүргізу үшін техникалық куәландыру құралдары бар және ақаусыз жай-күйде болса;

3) қажетті шығыс материалдары дайындалса;

4) қауіпті техникалық құрылғыларға қызмет көрсететін аттестатталған жеке құрамның (есептоптар, экипаждар нөмірлері) болуын растайтын құжаттар болса, техникалық куәландыруға дайын болып саналады.

30. Қауіпті техникалық құрылғыға техникалық куәландыру жүргізу кезінде пайдалануға жауапты адам қатысады.

31. Қауіпті техникалық құрылғы бекітіліп берілген лауазымды адам техникалық куәландыру кезінде жұмыс жетекшісі болып табылады. Жұмыс жетекшісі Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес қызмет көрсету персоналының технологиялық операцияларды орындауын және қауіпті техникалық құрылғыны техникалық куәландыру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ұйымдастырады.

32. Техникалық куәландыру процесінде қауіпті техникалық құрылғыда ақаулық нормаларынан шығатын ақаулар анықталған немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылған кезде қадағалау жөніндегі адам әскери бөлім командиріне қауіпті техникалық құрылғыны пайдалануды тоқтата тұру туралы баяндайды.

33. Қауіпті техникалық құрылғыны техникалық куәландыруды қару-жарақ пен әскери техникаға (бұдан әрі – ҚӘТ) жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді және оны жөндеуді жүргізумен үйлестіру мақсатқа сәйкес. Қауіпті техникалық құрылғыны техникалық куәландыруға қажеттілік жауынгерлік даярлық жоспарларын ескере отырып, ҚӘТ-ны пайдаланудың перспективалық, жылдық және айлық жоспарларында жоспарланады.

34. Техникалық куәландыру материалдары қауіпті техникалық құрылғының паспортына (формулярына) қоса беріледі. Егер қауіпті техникалық құрылғы әскери бөлімге жөндеуден кейін жүргізілген толық техникалық куәландырумен келіп түссе, онда қауіпті техникалық құрылғы пайдалануға берілгенге дейін техникалық куәландыру жөніндегі маман қауіпті техникалық құрылғыны механизмдердің, жабдықтың және қауіпсіздік аспаптарының жұмыс істеуіне тексеруді жүргізеді және бақылап тексеру нәтижелерін қауіпті техникалық құрылғының паспортына жазады.

35. Арсеналдарда, базаларда, қоймаларда жұмсалмайтын қорда сақтауда тұрғандардан алынған қауіпті техникалық құрылғылар пайдалануға берілгенге дейін кезектен тыс техникалық куәландыруға жатады.

36. Техникалық куәландыруды жүргізген маман қауіпті техникалық құрылғының паспортына (формулярына) қауіпті техникалық құрылғыны техникалық куәландыру нәтижелері, рұқсат етілген техникалық сипаттамаларымен және жұмыстың параметрлерімен оны одан әрі пайдалану мүмкіндіктері, кезекті техникалық куәландыру мерзімдері, анықталған ақаулар және техникалық талаптарды бұзушылықтар туралы жазбаларды жасайды.

37. Белгіленген мерзімдері өткен қауіпті техникалық құрылғыларды қолдану мерзімдерін ұзартуды Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында және Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында белгіленген тәртіппен осы қызмет түрімен айналысуға құқығы бар аттестатталған ұйым жүзеге асырады.

38. Қауiптi техникалық құрылғыларды техникалық куәландыру қорытындылары бойынша әскери бөлiмнiң қадағалау жөнiндегi лауазымды адамы осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауiптi техникалық құрылғыларды куәландыруды және қарап-тексеруді есепке алу журналында жазба жасайды және осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес қазандықты қадағалау бөліміне жеткізілімді жолдайды.

1 Баллондарды сынау пунктінде жабдықтың, айла-бұйымдардың, құрылғылар мен құжаттардың тізбесі

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
1-қосымша
Баллондарды сынау пунктінде жабдықтың, айла-бұйымдардың, құрылғылар мен құжаттардың
тізбесі
Ата­уы
Са­ны
(да­на)
Ес­керт­пе
1
Гид­рав­ли­ка­лық ны­ғы­зда­ғыш (сор­ғы)
1-2
2
Бал­лон­дар­ды сы­нау ор­нын би­ік­ті­гі ке­мін­де 2 м ме­талл қор­шау
1
Қа­лыңды­ғы ке­мін­де 2 мм кем бо­лат та­бақ­тан дай­ын­да­ла­ды
3
Ас­пап­тар мен ке­рек-жа­рақ­тар­ға ар­нал­ған шкаф
1
4
Пнев­мо­сы­нақ­тар үшін (су құй­ы­л­ған ыдыс­қа ба­ты­ру ар­қы­лы гер­ме­ти­ка­лы­лық­қа тек­се­ру бой­ын­ша жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу үшін) ауа жүр­гі­зі­л­ген суы бар ыдыс (ме­талл ван­на)
1
5
Шұ­ра­лар­ды бұ­рау үшін ста­нок (тұ­ғыр)
1
6
Бал­лон­дар­дың ішін­де­гі бет­кі қа­б­тын та­за­лау үшін ста­нок (тұ­ғы­рық)
1
7
Ұста­ның жұ­мыс үсте­лі
1
8
Сы­нақ­тан өт­кі­зі­л­ген және сы­нақ­тан өт­кі­зі­лу­ге ти­іс бал­лон­дар­ға ар­нал­ған сө­ре­лер (неме­се тік қал­пын­да сақ­та­ған кез­де бал­ло­на­дар­дың құ­ла­у­ын бол­дыр­май­тын құ­ры­л­ғы­лар­мен жаб­дық­тал­ған орын­дар)
1
9
100 кг-ға дей­ін өл­шеу дәл­ді­гі­мен 150 кг-дық та­ра­зы
1
10
Ку­әлан­ды­ру жүр­гі­зу ке­зін­де бал­лон­дар­ды (ар­ба­лар, қар­мау­лар, іл­мек­тер) та­сы­мал­дау үшін ай­ла-бұй­ым­дар (құ­ры­л­ғы­лар)
Бір уа­қыт­та сы­на­ла­тын бал­лон­дар са­ны бой­ын­ша
11
Бал­лон­дар­дың ішін қа­рап тек­се­ру үшін 12 В та­сы­мал­да­на­тын лам­па
1
12
Пнев­мо­шлан­гі­лер (ме­талл тү­тіктер) және сы­на­ла­тын бал­лон­дар­ды гид­ро­ны­ғы­зда­ғыш­қа қо­су­ға ар­нал­ған ауы­стыр­ғы­штар
1 жиын­тық
13
Бал­лон­дар­ды жуу және олар­ды су­мен тол­ты­ру үшін ұштық­та­ры бар ре­зең­ке шлан­гі­лер
1
14
Ұста ас­па­бы­ның жиын­тығы (со­мын­дық және га­з­дық кі­лт­тер, бал­ға, қа­шау, крейц­мей­сель)
1 жиын­тық
15
Ұзынды­ғы 1500 мм өл­шеу сыз­ғы­шы
1
16
Бел­гі­лер жи­на­ғы:
1) шең­бер ішін­де шифр бе­ру­мен диа­мет­рі 12 мм дөң­ге­лек фор­ма­сын­да және бел­гі со­ғу бел­гі­ле­рі­нің би­ік­ті­гі 6 мм (сый­ым­ды­лы­ғы ша­ғын бал­лон­дар үшін);
2) бел­гі со­ғу бел­гі­ле­рі­нің би­ік­ті­гі 8 мм (сый­ым­ды­лы­ғы үл­кен бал­лон­дар үшін);
3) шең­бер ішін­де крест бей­не­лен­ген диа­мет­рі 12 мм ақа­улық бел­гі­сі
2-3
2-3
2-3
17
Би­ік­ті­гі 6 және 8 мм бо­лат цифр­лар жи­на­ғы
1-2 жи­нақ бой­ын­ша
18
Дәл­дік кла­сы 1,5 тек­се­ру ма­но­мет­рі
2
19
Қо­сын­ды­лар­ды тығ­ы­здау үшін тө­се­ме­лер жи­на­ғы
1
20
Бал­лон­дар­ды сы­на­уды есеп­ке алу жур­на­лы
1
осы нұс­қа­улық­тың 7-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша жүр­гі­зі­ле­ді
21
Сы­нау пунк­т­ін­де қа­уіп­ті тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар­ды ку­әлан­ды­ру құқы­на жа­з­ба­ша рұқ­сат бе­ру қа­ға­зы
1
22
Бал­лон­дар­ды сы­нақ­тан өт­кі­зу ке­зін­де қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы жө­нін­де­гі нұс­қа­улық
1

2 ________ жай-күй бойынша 20 __ жылға арналған 00000 әскери бөлімінің қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландыру қорытындылары бойынша ЖЕТКІЗІЛІМ

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
2-қосымша
Нысан
ҚР ҚМ Метрологиялық
қамтамасыз ету және
стандарттау орталығының
бастығына
____________________________
Астана қаласы, Манас көшесі, 15
________ жай-күй бойынша 20 __ жылға арналған 00000 әскери бөлімінің қауіпті
техникалық құрылғыларды техникалық куәландыру қорытындылары бойынша
ЖЕТКІЗІЛІМ
Р/с

Қа­зан­дық­тар­ды қа­да­ға­лау объ­ек­ті­ле­рі­нің ата­уы
Жал­пы са­ны
Тех­ни­ка­лық ку­әлан­ды­ру
Объ­ек­ті­лер­дің са­ны
Іш­кі тек­се­ру және іші­на­ра ку­әлан­ды­ру
То­лық ку­әлан­ды­ру
Тех­ни­ка­лық ку­әлан­ды­ру­мен мер­зі­мі өт­кен
Есеп­ті жыл­да пай­да­ла­ну­ға тый­ым са­лын­ған
Жос­пар бой­ын­ша
Нақ­ты орын­дал­ға­ны
Жос­пар бой­ын­ша
Нақ­ты орын­дал­ға­ны
1
Бу қа­зан­дық­та­ры
2
Са­уыт­тар
3
Жүк кө­тер­гіш ма­ши­на­лар
4
Лиф­ті­лер
5
Бал­лон­дар
6
Бал­лон­дар­ды тол­ты­ру және сы­нау стан­ци­я­ла­ры (пункт­те­рі)
Жиы­ны
Ескертпе:

1. «Баллондар» және «Баллондарды толтыру және сынау станциялары (пункттері)» жолдарын қоспағанда, жеткізілімнің әрбір бағаны бөлшекпен толтырылады, мұнда алымында – қазандықтарды қадағалау жөніндегі бөлімде тіркелетін объектілер, бөлімінде – тіркелмейтін объектілер (әскери бөлімде есепке алынуға ) көрсетіледі.

2. Жеткізілімге еркін нысандағы қысқаша түсіндірме жазба қоса беріледі.

3. Жеткізілімге қазандықтарды қадағалау жөніндегі бөлім жүргізген жұмыстар қосылмайды.

3 Өздігінен жүретін жүк көтергіш (көпірлік, тіреулік және мұнаралықтан басқа) крандарды техникалық куәландыруды жүргізуге арналған алаңның техникалық сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
3-қосымша
Өздігінен жүретін жүк көтергіш (көпірлік, тіреулік және мұнаралықтан басқа) крандарды техникалық куәландыруды жүргізуге арналған алаңның техникалық
сипаттамасы

1. Өздігінен жүретін жүк көтергіш крандарды техникалық куәландыруды жүргізуге арналған алаң мынадай талаптарға сүйене отырып жабдықталады:

1) алаңның аумағы еркін түрде кіруді және шығуды қамтамасыз етуге тиіс;

2) алаңның жабыны қатты (бетондалған, асфальтталған, қиыршық-құмтасты), еңіс 30 –тан аспауға тиіс;

3) жаңбыр және еріген су үшін суағарлардың бар болуы;

4) алаңда крандарды куәландыру жөніндегі жұмыстар жүргізілмейтін кезеңде алаңға әртүрлі көлік құралдарының кіру мүмкіндігін болдырмайтын периметр бойынша қоршау.

2. Алаңның жабдықталуы:

1) әскери бөлімде бар барлық автомобиль крандарын сынауды жүргізуді қамтамасыз ететін крандарды статикалық және динамикалық сынауларға арналған жүктер жинағы.

Мынадай жүктер жинағы болуға тиіс: 25 кг – 1 дана; 50 кг – 1 дана; 100 кг – 1 дана; 250 кг – 1 дана; 500 кг – 1 дана; 750 кг – 1 дана; 1000 кг – 1 дана; 2500 кг – 2 дана; 5000 кг – 2 дана; 10 000 кг – 1 дана. Жүктерде оларды тиеу мүмкіндігіне арналған айла-бұйымдар болуға тиіс;

2) жүктерді жиынтықтауға, оларды бекітуге және стандартты төрт тармақты арқанның көмегімен жүк көтергіш машинаның ілмегіне бекітуге және ілуге арналған рама;

3) крандардың шығарылатын тіректерінің астына төсемелер жинағы;

4) төрт және екі тармақты арқан – 2 дана;

5) қауіпсіздік техникасы жөнінде, статикалық және динамикалық сынақтардың тәртібі, тежегіштер мен қауіпсіздік аспаптарын тексеру туралы нұсқаулықтары, жүктерді тиеу схемалары, белгілік дабылдаманы бейнелеуі, арқандарды ақаулы деп тану нормалары бар металл қалқандар.

4 Олардың кезінде жүк көтеру механизмдерінің, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстардың жұмыс істеуіне жол берілмейтін және олар тоқтатылуға тиіс ақаулықтар мен жағдайлардың тізілімі

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
4-қосымша
Олардың кезінде жүк көтеру механизмдерінің, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстардың жұмыс істеуіне жол берілмейтін және олар тоқтатылуға тиіс ақаулықтар мен жағдайлардың
тізілімі

1. Жүк көтергіш машиналар үшін:

1) жүк көтергіш машина өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесінде және қазандықты қадағалау жөніндегі бөлімде тіркелмеген;

2) талап етілетін техникалық құжаттама жоқ;

3) жүк көтергіш машинаны аттестатталмаған кран жүргізушілер, тиеушілер пайдаланған, сондай-ақ іс-әрекет қауіпсіздігі үшін жауапты адамдар немесе жүктерді қауіпсіз тасымалдау бойынша жұмыс жетекшілері тағайындалмаған;

4) жүк көтергiш машинаның техникалық жай-күйiне бақылаудың жоқтығын куәландыратын көптеген ақаулар;

5) жебелі немесе жүк арқанының жібі үзілген, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен бекітілген жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының «болат арқандарды ақаулы деп тану нормаларында» көрсетілген шамадан асатын жергілікті бүліну, таттану немесе сымның үзілуі бар;

6) жебе, жүк көтеру және бұру механизмдерінің тежегіш бөлшектері зақымдалған, тежегіш шкивтеріне май құйылуы;

7) кранның металл конструкциялары мен механизмдерінде жарықтар, майысулар мен сынулар анықталған;

8) жүкті, жебені көтеру механизмдері мен көтеру шектегіші жоқ немесе олардың ақауы бар;

9) қосымша тіректері зақымдалған немесе жиынтықталмаған, мұнаралы және теміржол крандарының рельстік қармағыштары мен автомобильдік крандардың тұрақтандырғыштары зақымдалған немесе жоқ;

10) қауіпсіздік аспаптары мен сигналдық аспаптардың болмауы немесе олар ақаулы болса;

11) кранның жұмыс орындары жеткілікті жарықтандырылмаған, қардың қалың жаууы немесе тұман, сондай-ақ машинист тіркеушінің сигналдарын немесе тасымалданатын жүктерді нашар ажыратады;

12) алынбалы-салынбалы жүк қармағыш айла-бұйымдардың (шынжырлы арқандар, тізбектер, траверсілер, ілмектер, ыдыстар) ақаулығы бар және оларда и бирка-таңбасы жоқ;

13) сигнал берушілер жоқ (қызмет көрсету аймағы кабинадан толық байқалмайды және машинист пен тіркеуші немесе ілуші арасында қандай да байланыс болмаған);

14) жебелі крандарда теңестіру салмағының немесе балласттың жетіспеушілігі;

15) механизмдерді және электр жабдықтардың ашық ток жүргізу бөліктерін қоршаудың жоқтығы;

16) жебені ілу элементтерінде (сырғаларда, тартқыштарда) сіргелер жоқ, арқандарды бекіту немесе бекітуді босаңсыту орындарында қысқыштардың қажетті саны жоқ;

17) артқы ілмектің алдыңғы бөлігі мен сыртқы бөлігінде жарықтар мен қылшықтардың, сондай-ақ ілмектегі тұйықтау құрылғысының ақаулығы;

18) найзағай біліне бастаса, жылдамдығы кранның жұмыс істеуі кезінде жол берілетін шамадан асатын қатты жел пайда болса; бұл ретте кранды жел ұшыруының алдын алу жөнінде жасаушы зауыттың нұсқаулығындағы нұсқаулар орындалуға тиіс;

19) барынша жоғары ток немесе жылу қорғанысы жиі іске қосылған, сондай-ақ сақтандырғыштардың балқымалы жапсырмасы жиі күйіп кеткен;

20) электр сымын оқшаулау кедергісін, электр қозғалтқыштарының орамдарын және дұрыс орналастырылмаған, бірақ электр тогының кернеуі астында болуы мүмкін электр қондырғыларының металл бөлшектерін жерге тұйықтау кедергісін тексеру мерзімі аяқталған,

21) жүк полиспастының арқандары бұралған;

22) кранды бұрған кезде теңестіру салмағы ғимараттың, ормандардың және басқа да құрылыстардың шығыңқы бөліктеріне тиіп кетуі мүмкін;

23) кран асты жол отыра бастайды.

Басқа да жағдайларда және кранның қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етпейтін ақаулар болған кезде кранның жұмыс істеуіне жол берілмейді немесе оның жұмысы тоқтатылады (габариттердің жетіспеушілігі, кранның электр берілісі желілерінің, еңістер мен жыралардың жанында жұмыс істеуі кезінде нормалардың, разрядтық жүктерді тасымалдау тәртібі жөніндегі қағидалар талаптарының сақталмауы).

2. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар үшін:

1) қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген барлық талаптардың сақталуына қарамастан, қысымның рұқсат етілгеннен жоғары көтерілуі;

2) сақтандырғыш клапандарында ақаулардың болуы, ыдыстардың беттерінде жол берілмейтін таттану мен қуыстардың анықталуы ;

3) тойтарыла байланысқан жерлерде ағулар мен төсемдердің үзілулері пайда болуы;

4) кемшіліктерді, ақауларды жоюға қойылатын нұсқамалардың орындалмауы;

5) ақаулығы бар манометрлер анықталуы;

6) қақпақтар мен люктардың бекітпе бөлшектерінің толық емес саны немесе олардың ақаулығы анықталуы;

7) қысыммен тұрған ыдысқа өрт қаупі бар;

8) оқытып-үйретілген және аттестатталған қызмет көрсетуші персонал жоқ;

9) ыдыстың беткі қабаттарында жарықтар, тесіктер, жол берілмейтін таттану, дөңестер мен ойықтар, сондай-ақ дәнекерлеу жіктерінде дефектілер табылуы.

3. Цистерна мен бөшкелер үшін:

1) белгіленген немесе кезекті куәландыру мерзімінің аяқталуы;

2) корпусы немесе түбі зақымдалған (жарықтар, нысанының байқалатындай өзгеруі, қатты таттануы, тесіктердің болуы);

3) цистернаның төлқұжаты жоқ немесе цистерналар мен бөшкелерде белгіленген таңбалар мен жазулар жоқ;

4) талап етілетін арматура жоқ немесе олардың ақауы бар, герметикалылығы бұзылуы;

5) тиісті бояуы жоқ;

6) цистерналар мен бөшкелердің олар үшін арналмаған басқа газбен толтырылуы немесе цистерналар мен бөшкелер бөгде заттармен немесе нәрселермен ластануы;

7) цистернаның жүріс бөлігі ақаулықты;

8) цистернаны немесе бөшкені толтыру кезінде газдың шығуы;

9) оқытып-үйретілген және аттестатталған персоналдың жоқтығы.

4. Сығылған, сұйытылған және ерітілген газы бар баллондар үшін:

1) кезеңдік куәландыру мерзiмi аяқталған;

2) баллонның цилиндр бөлігіне таңба түсірілуі немесе олардың болмауы;

3) баллондарға бөлім командирінің бұйрығымен тағайындалмаған адамдардың қызмет көрсетуі;

4) шұралар ақаулықты;

5) корпус зақымдалған: жарықтар, шырмаулар, ойықтар, майысулар, тесіктер, баллонның цилиндр бөлігі майысқан, баллон қабырғасының номинальды қалыңдығының 10% астам тереңдікте қуыстар мен тәуекелдер, қылта мойын бұрандасында тесіктер мен кертіктердің болуы;

6) тіректер зақымдалған, қисық немесе нашар орнатылған;

7) баллон қылта мойнына шығыршықтың тығыз кигізілмеуі;

8) бояулар мен жазулардың қазандықты қадағалау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі.

5. Лифтілер үшін:

1) белгіленген техникалық куәландыру мерзімі аяқталған;

2) шахта қоршауы зақымдалған;

3) шахта есіктерінің құлыптары, сондай-ақ шахта мен кабина есіктерінің түйісулері, шеткі ажыратқыштар, арналы түйісулер, арқандарды және басқа да сақтандырғыш бұғаттағыш құрылғыларды босаңсыту үшін түйісулер жоқ немесе олар ақаулықты;

4) шахтада кабина есіктері жағында көлемдері қағидаларға сәйкес келмейтін қуыстар мен текшелердің болуы;

5) жолаушылар лифтілері шахтасы есіктерінің төменгі бөлігінде жылжымалы кабина едені бар қапсырмалардың болмауы;

6) сигналдық шамның күйіп кетуі;

7) жарық және дыбыстық дабылдама ақаулықты;

8) сымдар мен аппаратура оқшаулау кедергісі төмендеген;

9) кабинаның өздігінен қозғалу жағдайы байқалады;

10) оқытып-үйретілген және аттестатталған электромеханиктер мен лифтерлер жоқ;

11) арқандар белгіленген нормадан артық пайдаланған;

12) кабина бағытталған қабатта автоматты түрде тоқтамайды;

13) кабина лифтінің ашық шахта есігімен іске қосылуы кезінде, ал кабинада адамдар болған кезде – кабинаның ашық есігімен қозғалысқа түскен;

14) лифт статистикалық және динамикалық сынауға шыдамаған;

15) машина үй-жайында, шахтада және кабинада, сондай-ақ шахта есіктерінің алдында жарық жоқ;

16) қадағалау және қызмет көрсету үшін қажет оқытып-үйретілген және аттестатталған персонал жоқ;

17) жылжымалы едені бар лифтілерде кабинада жолаушылар болған кезде, сондай-ақ шахтаның есігі жабылмаған жағдайда барлық жолаушылардың кабинадан шығуы кезінде сигналдық шам сөнеді;

18) осы қабатта кабина болмаған жағдайда шахта есігі сыртынан ашылады;

19) лифт сымдарының немесе электр апараттарының электр оқшаулауының нашар жай-күйі анықталды («ток соғады»), лифтінің металл бөліктерімен жанасу кезінде оқшаулаудың жанған иісі сезіледі;

20) ТОҚТА батырмасы жарамсыз;

21) лифтінің басқа да ақаулықтары (ерекше шу, тарсыл, сықыр, кабинаның қозғалысы уақытында жұлқулар немесе соғулар, арқанның үзілуі, бағыттаушылардан теңестіру салмағының шығуы, кабинаның қабат алаңдарына дәл тоқтамауы).

6. Қазандықтар үшін:

1) кезекті техникалық куәландыру мерзімі аяқталған, сондай-ақ оқытып-үйретілген және аттестатталған персонал жоқ;

2) қайнату және экрандық құбырлардың жарылуы бар;

3) барлық қоректендіру құрылғылары ақаулықты немесе жұмыс істемейді;

4) су көрсеткіш әйнектердің екеуі де ақаулықты немесе істен шыққан;

5) сақтандырғыш клапанның ең болмаса біреуінің ақаулығы немесе істен шығуы анықталған;

6) бу құбыры немесе ондағы арматура зақымдалған;

7) манометр ақаулықты және оны ауыстыру мүмкіндігі жоқ;

8) қазаннан судың ағуы;

9) қазан қуатын күшейтуге қарамастан, су деңгейі тез төмендеген;

10) су деңгейі су көрсеткіш аспаптың (әйнектің) ең жоғарғы көрінетін жиегінен аса көтерілген және оны үрлеу арқылы төмендету мүмкін болмаған;

11) тартуды, үрлеуді азайтуға және қазандықты қуаттандыруды күшейтуге қарамастан, қазандықтағы қысым қалыптыдан жоғары көтерілген және көтерілу жалғасқан;

12) бақылау тығындары балқыған;

13) қаптамада опырылу қатері бар жарықтар бар;

14) газ жолдарындағы бөлінулер мен күйе жанған;

15) қазандық жұмысында ерекше шу, соққылар, тарсыл байқалған;

16) қазандыққа өрт қаупі төнген;

17) қазанның негізгі элементтерінде (барабанда, коллекторда, камерада, қыздыру құбырында, жану қорабында, от жанатын мойын қаптамасында, құбыр торында, сыртқы сепараторда, бу құбырында) жарықтар, қаңсулар, ағулар және олардың дәнекерленген жіктерінде шығарулар анықталған, екі немесе одан артық қатар тұрған байланысқан жерлерде үзіктер болған;

18) жасанды тарту кезінде электр энергиясын беру тоқтатылды, сондай-ақ қызмет көрсететін персонал үшін қауіп тудыратын немесе қазанның жарылу қатерін туындататын қазан элементтері мен оның қаптамалары зақымдалған.

5 Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды есепке алу журналы _______________________________

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
5-қосымша
Нысан
Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды есепке алу журналы _______________________________
Тір­кеу нө­мі­рі
Объ­ект ту­ра­лы мә­лі­мет
За­уыт­тық құ­жат­та­ма­ға сәй­кес тех­ни­ка­лық ку­әлан­ды­ру (ТК) ке­зең­ді­лі­гі (жыл­дар­мен)
1. Аг­ре­гат ин­дек­сі.
2. Объ­ек­ті­нің ата­уы, за­уыт­тық нө­мі­рі.
3. Объ­ек­ті­ні жа­са­у­шы, жа­сал­ған кү­ні.
4. Та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды нө­мі­рі, кім бер­ді, бе­рі­л­ген кү­ні.
5. Жұ­мыс іс­теу па­ра­метр­ле­рі: жүк кө­тер­гіш­ті­гі/қы­сы­мы (рұқ­сат еті­л­ген/жұ­мыс күй­де­гі)
6. Кө­те­ру ме­ха­низмде­рі­нің, ыдыс­тар­дың қыз­мет мер­зі­мі.
кө­те­ру құ­ры­л­ғы­ла­ры
ыдыс­тар
іші­на­ра (ІТК)
То­лық (ТТК)
Іш­кі тек­се­ру (ІТ)
Гид­ро­сы­на­у­лар (ГС)
Тол­ты­ру үл­гі­сі
15/С
1. 15.Г95
2. Ци­стер­на, № 18347
3. «Вым­пел» ЖШҚ, 2010 ж. 14.05.
4. № В 01-000, ҚР ҚМ МҚ­СО, 2018 ж. 11.07.
5. Жұ­мыс қы­сы­мы 5 кгс/см2
6. 20 жыл
-
-
4
8
9/Г
1. 8Т028
2. Тра­верс, № 3856
3. «Са­лют» ЖШҚ, 2012 ж.17.09.
4. № В 01-001, ҚР ҚМ МҚ­СО, 2018 ж. 04.11.
5. Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 300 кг
6. 25 жыл
1
3
-
-
кестенің жалғасы
Жүр­гі­зі­л­ген ТК айы мен жы­лы және та­ғай­ын­дал­ған мер­зі­мі
кө­те­ру құ­ры­л­ғы­ла­ры
ыдыс­тар
ІТК
ТТК
ІТ
ГС
жүр­гі­зі­л­ген
та­ғай­ын­дал­ған
жүр­гі­зі­л­ген
та­ғай­ын­дал­ған
жүр­гі­зі­л­ген
та­ғай­ын­дал­ған
жүр­гі­зі­л­ген
та­ғай­ын­дал­ған
Тол­ты­ру үл­гі­сі
-
-
-
-
05.2010
05.2014
05.2010
05.2018
11.2012
11.2013
11.2012
11.2015
-
-
-
-

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)

6-қосымша
Нысан
ҚР ҚМ Метрологиялық
қамтамасыз ету және
стандарттау орталығының
бастығына
____________________________
Нұр-Сұлтан қ., Манас көшесі, 15
Әскери бөлімнің қауіпті техникалық құрылғылары жөніндегі мәліметті ұсынамын:
Объектінің атауы (индексі)
Зауыттық нөмірі
Шығарылған жылы
Соңғы
куәландыру күні
1
2
3
4
5
Бөлім командирінің 20 __ ж. «__________» № _____ бұйрығымен мынадай жауапты адамдар тағайындалды:
көрсетілген объектілерге қызмет көрсету үшін мынадай жеке құрам (қызмет көрсетуші персонал) тағайындалды:
Әскери атағы,
Т.А.Ә. (болған кезде)
Лауазымы
Оқу орнының атауы. Куәлік берілген күн
Білімін соңғы тексеру күні
1
2
3
4
5
_____________________ жарамды және Өнеркәсіп қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келеді.
Хатқа қоса беріледі:
1. Іс жүргізуде куәландырылған қауіпті техникалық құрылғыларға паспорттардың көшірмелері.

7 Баллондарды сынауларды тіркеу журналы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
7-қосымша
Нысан
Баллондарды сынауларды тіркеу журналы
Р/с №
Жа­са­у­шы за­уыт және бал­лон­ның ти­пі
Бал­лон­ның за­уыт­тық №
Кү­ні (айы, жы­лы)
Сыр­ты­нан және іш­кі қа­рап тек­се­ру нәти­же­ле­рі
Сал­ма­ғы, кг
жа­сал­ған
өн­ді­рі­стік және та­ғай­ын­дал­ған ку­әлан­ды­ру
бел­гі­лен­ген
нақ­ты
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы
Сый­ым­ды­лы­ғы, л.
Қы­сы­мы,
кгс/см2
жа­рам­ды, тө­мен топ­қа ауы­сты­рыл­ды, ақа­улық­қа жат­қы­зы­л­ған
Ин­спек­тор­дың қо­лы
Әс­ке­ри бө­лім өкі­лі­нің қо­лы
Ес­керт­пе
бел­гі­лен­ген
нақ­ты
жұ­мыс (Ж)
сы­на­мақ (С)
9
10
11
12
13
14
15
16
Р/с №
Тол­ты­ры­л­ған кү­ні
Бал­лон нө­мі­рі
Ку­әлан­ды­ры­л­ған кү­ні
Бал­лон
сый­ым­ды­лы­ғы
Тол­ты­ру ке­зін­де­гі га­з­дың соң­ғы қы­сы­мы
Газ сал­ма­ғы (бал­лон­да­ғы сұй­ы­ты­л­ған)
Бал­лон­ды тол­тыр­ған адам­ның қо­лы
1
2
3
4
5
6
7
8

8 _____________ әскери бөлімінің қауіпті техникалық құрылғыларын куәландыру мен қарап тексерулерді есепке алу журналы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
8-қосымша
Нысан
_____________ әскери бөлімінің қауіпті техникалық құрылғыларын
куәландыру мен қарап тексерулерді есепке алу журналы

1 Әс­ке­ри бө­лім­нің (қа­зан­дық­тар­ды қа­да­ға­лау ор­га­ны­ның) есе­бі бой­ын­ша тір­кеу нө­мі­рі

Жүк кө­те­ру ма­ши­на­сы­ның, құ­ры­л­ғы­ның, ал­ма­лы-сал­ма­лы жүк қар­ма­ғыш ай­ла-бұй­ы­мы­ның ата­уы (ин­дек­сі)
Ор­на­ты­ла­тын орын
За­уыт­тық нө­мі­рі мен жа­сал­ған жы­лы
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі, кг
Қа­да­ға­лау жө­нін­де­гі адам­ның кран­дар­ды қа­рап тек­сер­ген кү­ні мен нәти­же­сі
Тех­ни­ка­лық ку­әлан­ды­ру
есеп­тел­ген
рұқ­сат еті­л­ген
жүр­гі­зіл­ді
та­ғай­ын­дал­ды
өт­кі­зіл­ді
та­ғай­ын­дал­ды

2

а Объ­ек­ті­нің ата­уы және оның си­патта­ма­сы (ти­пі, мар­ка­сы, ар­на­луы, ор­та­сы)

Ор­на­ты­ла­тын орын
За­уыт­тық нө­мі­рі мен жа­сал­ған жы­лы. Бө­лім­нің есе­бі бой­ын­ша нө­мі­рі
Қы­сы­мы, кгс/см2
Сый­ым­ды­лы­ғы, л
Қа­да­ға­лау жө­нін­де­гі адам­ның қа­рап тек­сер­ген кү­ні мен нәти­же­сі
есеп­тел­ген
рұқ­сат еті­л­ген
кестенің жалғасы
Жүр­гі­зі­л­ген және та­ғай­ын­дал­ған тех­ни­ка­лық ку­әлан­ды­ру­лар
объ­ект ие­сі – әс­ке­ри бө­лім
Қа­зан­дық­тар­ды қа­да­ға­лау ин­спек­ци­я­сы
Іш­кі қа­рап тек­се­ру
Гид­ро­сы­на­у­лар
Іш­кі қа­рап тек­се­ру
Гид­ро­сы­на­у­лар
жүр­гі­зіл­ді (айы, жы­лы)
та­ғай­ын­дал­ды
жүр­гі­зіл­ді
та­ғай­ын­дал­ды
жүр­гі­зіл­ді
та­ғай­ын­дал­ды
жүр­гі­зіл­ді
та­ғай­ын­дал­ды

б Объ­ек­ті­нің ата­уы және оның си­патта­ма­сы (ти­пі, мар­ка­сы, ар­на­луы, ор­та­сы)

Ор­на­ты­ла­тын орын
За­уыт­тық нө­мі­рі мен жа­сал­ған жы­лы. Бө­лім­нің есе­бі бой­ын­ша нө­мі­рі
Қы­сы­мы, кгс/см2
Сый­ым­ды­лы­ғы, л
Қа­да­ға­лау жө­нін­де­гі адам­ның тек­сер­ген кү­ні мен нәти­же­сі
Объ­ект ие­сі – әс­ке­ри бө­лім жүр­гіз­ген және та­ғай­ын­да­ған тех­ни­ка­лық ку­әлан­ды­ру­лар
есеп­тел­ген
рұқ­сат еті­л­ген
Іш­кі қа­рап тек­се­ру
Гид­ро­сы­на­у­лар
өт­кі­зіл­ді
та­ғай­ын­дал­ды
өт­кі­зіл­ді
та­ғай­ын­дал­ды

3 Р/с №

Стан­ция ата­уы
Ор­на­ты­ла­тын орын
За­уыт­тық нө­мі­рі мен жа­сал­ған жы­лы
Қы­сы­мы, кгс/см2
Қа­да­ға­лау жө­нін­де­гі адам­ның тек­сер­ген кү­ні мен нәти­же­сі
есеп­тел­ген
рұқ­сат еті­л­ген
Ескертпе: Станциялардың ыдыстары мен баллондарын есепке алу журналдың 2-бөлімінде жүргізіледі.