Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О преобразовании государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканская государственная газета "Казахстанская правда" в акционерное общество и приватизации части государственного пакета акций

Қаулы · № 1050 · қабылданған 15.10.1998
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1289/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О преобразовании государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканская государственная газета "Казахстанская правда" в акционерное общество и приватизации части государственного пакета акций Қолданыста 28.04.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О преобразовании государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканская государственная газета "Казахстанская правда" в акционерное общество и приватизации части государственного пакета акций

Қолданыста Қаулы № 1050 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О преобразовании государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканская государственная газета "Казахстанская правда" в акционерное общество и приватизации части государственного пакета акций
Атауы (қаз.)
"Казахстанская правда" республикалық мемлекеттiк газетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорнын акционерлiк қоғамға айналдыру және акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн жекешелендiру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1050
Қабылданған күні
15.10.1998
Көрсетілген редакция
28.04.1999 AI1289_1.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P980001050_
ЭКБ идентификаторы
1289
Редакция идентификаторы
AI1289_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:30
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттiк газетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорнын акционерлiк қоғамға айналдыру және акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн жекешелендiру туралы

"Казахстанская правда" республикалық мемлекеттiк газетiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн дамыту, менеджментiн және сапалық деңгейiн жақсарту мақсатында, сондай-ақ "Жекешелендiру" туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж, N 24, 163-құжат) сәйкес және ақпарат алу мен тарату саласында мемлекеттiк қауiпсiздiктi сақтау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiмен бiрлесе отырып, белгiленген тәртiппен "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттiк газетi" шаруашылық жүргiзу құқығында мемлекеттiк кәсiпорнын "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттiк газетi" ашық акционерлiк қоғамы етiп қайта құрылсын.

2. "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттiк газетi" ашық акционерлiк қоғамы "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттiк газетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорнының құқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi:

1) "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттiк газетi" ашық акционерлiк қоғамының Жарғысын бекiтсiн;

2) "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттiк газетi" ашық акционерлiк қоғамын заңды тiркеуге байланысты шаралар кешенiнiң орындалуын қамтамасыз етсiн;

3) акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң оның жарғылық капиталының 65 (алпыс бес) процентi мөлшерiндегi бөлiгiн мынадай тендерлiк шарттарды мiндеттi түрде енгiзе отырып, жабық тендерде сатуды жүзеге асырсын:

тендерге қатысушылардың арасында шетелдiк жеке тұлғалардың не заңды тұлға құрылтайшыларының немесе қатысушыларының құрамында шетелдiк қатысушының болмауы;
сатып алушының "Казахстанская правда" республикалық газетi" ашық акционерлiк қоғамының мемлекеттiк тапсырысты орындауын қамтамасыз етуi;
"Казахстанская правда" газетiнiң сапасын жақсарту;
қажеттi инвестициялар мөлшерiнiң болуы.

4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм

министрлiгi "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттiк газетi"
шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорнының тiркеу
куәлiгiн ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруiне байланысты "Казахстанская
правда" республикалық газетi" ААҚ-на қайта ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.

5. Күшін жойды - ҚРҮ-нің 1999.04.29. N 499 қаулысымен.

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.