Құжат мәтініне өту

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан о порядке пребывания граждан Республики Казахстан на территории Республики Таджикистан и граждан Республики Таджикистан на территории Республики Казахстан

Заң · № 218-VІ · қабылданған 25.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128912/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан о порядке пребывания граждан Республики Казахстан на территории Республики Таджикистан и граждан Республики Таджикистан на территории Республики Казахстан Қолданыста Заң ·№ 218-VІ ·25.01.2019
25.01.2019 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан о порядке пребывания граждан Республики Казахстан на территории Республики Таджикистан и граждан Республики Таджикистан на территории Республики Казахстан

Қолданыста Заң ·№ 218-VІ · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан о порядке пребывания граждан Республики Казахстан на территории Республики Таджикистан и граждан Республики Таджикистан на территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Тәжікстан Республикасының аумағында және Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
218-VІ
Қабылданған күні
25.01.2019
Көрсетілген редакция
25.01.2019 128912_390540.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1900000218
ЭКБ идентификаторы
128912
Редакция идентификаторы
128912_390540
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:16

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Тәжікстан Республикасының аумағында және Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді

ратификациялау туралы
2018 жылғы 14 наурызда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Тәжікстан Республикасының аумағында және Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісім ратификациялансын.

1 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Тәжікстан Республикасының аумағында және Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісім

📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Тәжікстан Республикасының аумағында және Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі,
екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, олардың азаматтарының жол жүруін құқықтық реттеу мақсатында,
бір мемлекет азаматтарының екінші мемлекеттің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасауды қалай отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

1 1. Бір Тарап мемлекетінің екінші Тарап мемлекетінің аумағында уақытша болатын азаматтары кірген күннен бастап 30 тәулік ішінде болатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарында тіркелу (болатын жері бойынша есепке қою) міндетінен босатылады.

2 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген уақытша болу мерзімі бір Тарап мемлекеті азаматының екінші Тарап мемлекетінің аумағына болатын Тарап мемлекетінің аумағына кірген кезде шекара қызметі органдары қойған белгі бар көші-қон картасымен және паспортымен расталған кіру күнінен бастап есептеледі.

3 3. Бір Тарап мемлекетінің азаматы екінші Тарап мемлекетінің аумағында 30 тәуліктен астам болған жағдайда, аталған азамат болатын Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес оның құзыретті органдарында тіркелуге (болатын жері бойынша есепке тұруға) міндетті.

4 4. Бір Тарап мемлекетінің азаматтарын тіркеу кіретін Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап 90 тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі.

2 2-бап

Бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған уақытында болатын Тарап мемлекетінің заңнамасын сақтауға міндетті.

3 3-бап

Бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағына мынадай жарамды құжаттар бойынша халықаралық өткізу пункттері арқылы кіреді (шығады):
Қазақстан Республикасы үшін:

1 1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

2 2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;

3 3) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;

4 4) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі (кеме рөлі немесе одан үзінді көшірме болған кезде ғана);

5 5) Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік (тек Қазақстан Республикасына қайтып оралу үшін ғана);

Тәжікстан Республикасы үшін:

1 1) Тәжікстан Республикасы азаматының шетелдік паспорты;

2 2) Тәжікстан Республикасының дипломатиялық паспорты;

3 3) Тәжікстан Республикасының қызметтік паспорты;

4 4) Тәжікстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік (Тәжікстан Республикасына қайтып оралу үшін ғана).

4 4-бап

1 1. Тараптар осы Келісімді қолдану мақсатында оған қол қойылған күннен бастап отыз күн мерзімде осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген құжаттардың үлгілерін дипломатиялық арналар арқылы алмасады.

2 2. Тараптар осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген құжаттардың өзгергені туралы бір-бірін жазбаша хабардар етеді, сондай-ақ өзгертілген құжаттардың үлгілерін олар ресми енгізілген кезге дейін 30 тәуліктен кешіктірмейтін мерзімде дипломатиялық арналар арқылы жібереді.

5 5-бап

Осы Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар:
- Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
- Тәжікстан Республикасынан - Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі болып табылады.
Уәкілетті органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген жағдайда Тараптар бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

6 6-бап

Осы Келісімнің ережелері Тараптардың қатысушылары олар болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

7 7-бап

Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, бұлар оның ажырамас бөліктері болып табылады, жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің 9-бабына сәйкес күшіне енеді.

8 8-бап

Осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға байланысты туындайтын даулы мәселелер консультациялар мен келіссөздер өткізу арқылы шешіледі.
Осы Келісімді іске асыру кезінде жұмыс тілі ретінде орыс тілі пайдаланылады.

9 9-бап

1 1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы жазбаша хабарламалардың соңғысы дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

2

2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің қолданысын екінші Тарапты бұл жөнінде дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабардар ете отырып, тоқтата алады. Бұл жағдайда осы Келісім мұндай хабарлама алынған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысын тоқтатады.

3 3. Әрбір Тарап ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп және халық денсаулығы мүддесінде осы Келісімнің қолданысын толық немесе ішінара тоқтата алады. Қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлама екінші Тарапқа осындай тоқтата тұруға дейін 72 сағаттан кешіктірілмей дипломатиялық арналар арқылы жіберіледі.

4 4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген себептер бойынша осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған Тарап дәл осындай тәртіппен екінші Тарапқа осы Келісімнің қолданысын қайта бастау туралы хабарлайды.

2018 жылғы 14 наурызда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Мәтіндер арасында айырмашылықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

Қолданыстағы