Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий в местный бюджет
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий в местный бюджет
- Атауы (қаз.)
- Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5-қ
- Қабылданған күні
- 24.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2019 128922_388588.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19LC006667
- ЭКБ идентификаторы
- 128922
- Редакция идентификаторы
- 128922_388588
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:16
0 Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативін белгілеу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Арал аудандық қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Арал ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «24» қаңтардағы
№ 5-қ қаулысына
қосымша
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың
таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі
Шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі келесідей белгіленеді:
Таза кіріс 3 000 000 теңгегедейін
Таза кіріс сомасынан 5 пайыз
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден
50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз
Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз
Таза кіріс 500 000 001 теңгеден
1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз
Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз