Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Осакаровском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Осакаровском районе
- Атауы (қаз.)
- Осакаров ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 05/01
- Қабылданған күні
- 22.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 17.08.2026 128951_838891.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KO005170
- ЭКБ идентификаторы
- 128951
- Редакция идентификаторы
- 128951_838891
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 03:58
0 Осакаров ауданында қоғамдық
тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеудiң түрлерi
мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға
ақшалай сыйақының мөлшерiн
айқындау туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды – Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 17.08.2026 № 82/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы", 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңдарына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Осакаров ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Руслан Есенбекұлы Нұрмұханбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Осакаров ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi
Осакаров ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 22 қаңтардағы
№ 05/01 қаулысына
қосымша
Осакаров ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз
етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi,
сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi
1. Көтермелеудiң түрлерi
1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен марапаттау;
2. Көтермелеудiң тәртiбi
3) ақшалай сыйлықақы беру.
2. Көтермелеудiң тәртiбi
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Осакаров ауданы әкiмдiгiмен құрылатын қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды.
3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының полиция департаменті Осакаров ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ПБ) енгiзедi.
4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.
5. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес, қосымша ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.
6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
3. Ақшалай сыйақының мөлшерi
7. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды көтермелеу шараларын ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
3. Ақшалай сыйақының мөлшерi