Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан

Бұйрық · № 51 · қабылданған 07.02.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128965/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 51 ·07.02.2019
28.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 51 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
51
Қабылданған күні
07.02.2019
Көрсетілген редакция
28.05.2025 128965_761029.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018280
ЭКБ идентификаторы
128965
Редакция идентификаторы
128965_761029
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:10

0 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.05.2025 № 264/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2

2. «Пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі №119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15055 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарда:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Пошта маркаларының, блоктардың, маркіленген хат қалталардың және (немесе) пошта карточкаларының номиналды құнын белгілеген жағдайда, мынадай латын әріптері пайдаланылады:
«А» - заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының шегінде- 20 грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;
«В» - Қазақстан Республикасының шегінен тыс елдерге жер үсті көлігімен 50 грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;
«С» - Қазақстан Республикасының шегінде 50 грамға дейінгі салмақта арнаулы хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;
«N» - Қазақстан Республикасының шегінен тыс жер үсті көлігімен 10 грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін пошталық карточканы жіберу тарифіне сәйкес келеді;
«М» - Қазақстан Республикасы шегінде жер үсті көлігімен салмағы 10 грамға дейінгі арнаулы пошталық карточканы жіберу тарифіне сәйкес келеді.»

3 3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы