Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Экибастуз
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Экибастуз
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 87/2
- Қабылданған күні
- 04.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2019 128972_389302.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PC006250
- ЭКБ идентификаторы
- 128972
- Редакция идентификаторы
- 128972_389302
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:11
0 Екібастұз қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін,
сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 - бабы 2 - тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 6 - бабы 2 - тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Екібастұз қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысының Полиция департаменті Екібастұз қаласының Полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шараларды өткізуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің Павлодар
облысының Полиция департаменті
Екібастұз қаласының Полиция
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________Т.Арынов
«30» қаңтар 2019 жыл
5 Екібастұз қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Екібастұз қаласы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы «4» ақпаны
№ 87/2 қаулысына қосымша
Екібастұз қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1 1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:
1 1) құрмет грамотасы;
2 2) алғыс хаты;
3 3) ақшалай сыйақы;
4 4) құнды сыйлық.
2 2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:
1 1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі қалалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;
2
2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысының Полиция департаменті Екібастұз қаласының Полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Екібастұз қаласының ПБ) енгізеді;
3 3) комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;
4 4) Екібастұз қаласының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;
5 5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу беруді Екібастұз қаласының ПБ жүзеге асырады.
Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.