Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 16 · қабылданған 01.02.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128978/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий Қолданыста Өзге акт ·№ 16 ·01.02.2019
01.02.2019 редакциясы
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий

Қолданыста Өзге акт ·№ 16 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
16
Қабылданған күні
01.02.2019
Көрсетілген редакция
01.02.2019 128978_389070.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NTD08250
ЭКБ идентификаторы
128978
Редакция идентификаторы
128978_389070
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:14

0 Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Федоров аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 21 желтоқсаннаң № 575 ұсынысы негізінде, Федоров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округі Затышенка ауылында орналасқан Василий Емельянович Бубликтің шаруа қожалығы аумағындағы ірі қара мал құтыруының эпизоотиялық ошағына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2

2. Федоров ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2018 жылғы 16 қазандағы № 128 шешімінің (2018 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8065 болып тіркелген) күші жойылған деп танылсын .

3 3. «Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Федоров
аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Е. К. Джагалтаев
«1» ақпан 2019 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық
бақылау және қадағалау
комитетінің Федоров
аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ М. Б. Нуркин
«1» ақпан 2019 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Федоров ауданы
әкімдігінің ветеринария
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ У. А. Успанов
«1» ақпан 2019 жыл

Қолданыстағы