Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Бұйрық · № 46 · қабылданған 01.02.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129012/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 46 ·01.02.2019
17.09.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 46 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
46
Қабылданған күні
01.02.2019
Көрсетілген редакция
17.09.2020 129012_481937.kaz
Соңғы өзгеріс
17.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018281
ЭКБ идентификаторы
129012
Редакция идентификаторы
129012_481937
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:14

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы
29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген, 2015 жылғы
30 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларда (одан әрі – Қағидалар):
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Жеке және заңды тұлғалар портал арқылы келісім-хат алу үшiн осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынады;
Уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өтінімді қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тарту береді.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге келісім-хат әрбір карантиндік объектіге беріледі және берілген күннен бастап алты ай ішінде жарамды.
Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге келісім-хат бір реттен артық пайдаланылмайды.
Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге келісім-хат немесе оны беруден дәлелді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында ресімделеді.
Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге келісім-хат зертхананың осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, биологиялық қауіпсіздіктің әр түрлі деңгейіндегі карантиндік объектілерге арналған зертханаларда оқшаулау шарттарының тізбесінде баяндалған талаптарға сәйкестігін айқындау бойынша, бақылаудың өзге нысанын жүргізу нәтижелері бойынша беріледі.»;
35, 36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы портал арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берген карантиндік сертификаттар бар болғанда жүзеге асырылады.
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының карантиндік аймақтарынан әкетуге карантиндік сертификаттар беруді уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары портал арқылы жүргізеді.
36. Жеке және заңды тұлғалар портал арқылы карантиндік сертификат алу үшiн осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынады.
Уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өтінімді қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тарту береді.
37. Карантиндік сертификатты карантинге жатқызылған өнімді карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі негізінде, карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкеткен жағдайда – карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық сараптамасы негізінде карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор электрондық құжат нысанында береді және оның электрондық сандық қолтаңбасымен расталады.
Карантиндік сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына, осы өнімді жеткізу бойынша қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтері көрсетіліп беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландырады.
Карантиндік сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
Карантиндік сертификатты уәжді бас тарту беру үшін мыналар негіз болып табылады:
1) өтінім берушінің карантинге жатқызылған өнімді карантиндік
жай-күйін айқындау үшін ұсынбауы;
2) қараөріктің шарка вирусы (Plum pox potyvirus) бар жемістер мен жидектерді, қалқаншалы және жалған қалқаншалы сымырлардың карантиндік түрлерін қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;
3) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторына карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (2 рет және одан көп) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау, бұл межелі орнының өзгеру жағдайын қоспағанда, уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінен ақпарат алынғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде карантиндік сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;
4) өтінім беруші карантиндік сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
5) өтінім берушінің және (немесе) карантиндік сертификатты алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) өтінім берушіге қатысты карантиндік сертификатты алумен байланысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.»;

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 1 ақпандағы
№ 46 бұйрығына
1-қосымша

2 Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 1 ақпандағы
№ 46 бұйрығына
2-қосымша

Қолданыстағы