Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қаулы · № 23/2 · қабылданған 31.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129022/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Қолданыста Қаулы ·№ 23/2 ·31.01.2019
31.01.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қолданыста Қаулы ·№ 23/2 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Атауы (қаз.)
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
23/2
Қабылданған күні
31.01.2019
Көрсетілген редакция
31.01.2019 129022_389406.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PF006246
ЭКБ идентификаторы
129022
Редакция идентификаторы
129022_389406
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:14

0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Железин ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министерлігі Павлодар облысының полиция Департаменті Железин ауданының полиция бөлімі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министерлігі Павлодар облысының
полиция Департаменті Железин
ауданының полиция бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________Ғ. Сарғұлов
2019 жылғы «29» қаңтар

5 Железин ауданындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Железин ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы «31» қаңтардағы
№ 23/2 қаулысына
қосымша
Железин ауданындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

1 1) Железин ауданы әкімінің Құрмет грамотасы;

2 2) Железин ауданы әкімінің Алғыс хаты;

3 3) ақшалай сыйақы;

4 4) құнды сыйлық.

2 2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

1 1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды;

2

2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министерлігі Павлодар облысының полиция Департаменті Железин ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Железин ауданының ПБ) енгізеді;

3 3) Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;

4 4) Железин ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

5 5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарды көтермелеуді Железин ауданының ПБ жүзеге асырады.

Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.

Қолданыстағы