Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қаулы · № 03/02 · қабылданған 25.01.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129026/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Күшін жойған Қаулы ·№ 03/02 ·25.01.2019
13.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Күшін жойған Қаулы ·№ 03/02 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Атауы (қаз.)
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
03/02
Қабылданған күні
25.01.2019
Көрсетілген редакция
13.06.2024 129026_706309.kaz
Соңғы өзгеріс
13.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19KN005172
ЭКБ идентификаторы
129026
Редакция идентификаторы
129026_706309
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:16

0 Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды

көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы», 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 «Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Нұра ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мұратбек Дәлелханұлы Тұраровқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Нұра ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi

Нұра ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «25» қаңтардағы
№ 03/02 қаулысына
қосымша
Нұра ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз
етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi,
сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi

1 1-тарау. Көтермелеудiң түрлерi

1 1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйлықақы беру.

2 2-тарау. Көтермелеудiң тәртiбi

2 2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Нұра ауданы әкiмдiгiмен құрылатын қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды.

3 3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Нұра ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ПБ) енгiзедi.

4 4. Комиссия қабылдаған шешiм, көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес, қосымшаПБ бастығының бұйрығы шығарылады.

6 6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

7 7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды көтермелеу ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшерi

8 8. 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

9 9. ПБ ақшалай сыйақыны төлеудi облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Қолданыстағы