Құжат мәтініне өту

Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий

Қаулы · № 37 · қабылданған 07.02.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129036/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий Қолданыста Қаулы ·№ 37 ·07.02.2019
07.02.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий

Қолданыста Қаулы ·№ 37 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий
Атауы (қаз.)
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
37
Қабылданған күні
07.02.2019
Көрсетілген редакция
07.02.2019 129036_389350.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19DJ005053
ЭКБ идентификаторы
129036
Редакция идентификаторы
129036_389350
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:10

0 Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың

таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін
белгілеу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.

2 2. «Іле аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулыны Іле ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;

4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Іле ауданы әкімінің аппараты заң және мемлекеттік-құқықтық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің орынбасары Н. Құматаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Іле ауданы әкімдігінің

2019 жылғы «7» ақпандағы № 37 қаулысына қосымша
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың
таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін
Таза кіріс сомасынан 5 пайыз
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз

Қолданыстағы