Құжат мәтініне өту

О присвоении некоммерческому акционерному обществу «Атырауский университет нефти и газа» имени Сафи Утебаева

Қаулы · № 64 · қабылданған 14.02.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129064/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О присвоении некоммерческому акционерному обществу «Атырауский университет нефти и газа» имени Сафи Утебаева Қолданыста Қаулы ·№ 64 ·14.02.2019
19.08.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О присвоении некоммерческому акционерному обществу «Атырауский университет нефти и газа» имени Сафи Утебаева

Қолданыста Қаулы ·№ 64 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О присвоении некоммерческому акционерному обществу «Атырауский университет нефти и газа» имени Сафи Утебаева
Атауы (қаз.)
«Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына Сафи Өтебаевтың есімін беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
64
Қабылданған күні
14.02.2019
Көрсетілген редакция
19.08.2022 129064_592529.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000064
ЭКБ идентификаторы
129064
Редакция идентификаторы
129064_592529
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:06

0 «Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық

емес акционерлік қоғамына Сафи Өтебаевтың есімін беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына Сафи Өтебаевтың есімі берілсін.

2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 14 ақпандағы
№ 64 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Атырау облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 145-5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«145-5. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 222-33-15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«222-33-15. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».

3

Қолданыстағы