Құжат мәтініне өту

Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Абайского района

Қаулы · № 15 · қабылданған 07.02.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129076/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Абайского района Күшін жойған Қаулы ·№ 15 ·07.02.2019
11.11.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Абайского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 15 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Абайского района
Атауы (қаз.)
Абай ауданының елді-мекендеріндегі салық салу обьектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэфициентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15
Қабылданған күні
07.02.2019
Көрсетілген редакция
11.11.2024 129076_751007.kaz
Соңғы өзгеріс
11.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VE000165
ЭКБ идентификаторы
129076
Редакция идентификаторы
129076_751007
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:10

0 Абай ауданының елді-мекендеріндегі салық салу обьектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 17847 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Абай ауданының елді-мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан

Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Абай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Абай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Еділбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Абай ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы Қ. Оспанов
«____»___________20___ жыл

9 Абай ауданының елді-мекендеріндегі салық салу обьектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Абай аудандық әкімдігінің
2019 жылғы «07» ақпандағы
№ 15 қаулысына қосымша
Абай ауданының елді-мекендеріндегі салық салу обьектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Елді-мекен
Аймаққа бөлу коэффициенті
1
Қарауыл
1,37
2
Құндызды
1,05
3
Медеу
1,15
4
Тоқтамыс
0,95
5
Архат
0,95
6
Кеңгірбай би
1,25
7
Саржал
0,95
8
Қасқабұлақ
0,95
9
Көкбай
1,25
10
Орда
1,05
11
Бөрлі
0,95

Қолданыстағы