Қолданыстағы ред. 17.07.2002 (Редакция 12908_290678.kaz)

Қызылорда қаласын сумен қамтамасыз ету мен кәріз жүйелерінің жағдайы және оларды дамыту шаралары туралы от 17.07.2002 г. № 291 (Қызылорда қаласын сумен қамтамасыз ету мен кәріз жүйелерінің жағдайы және оларды дамыту шаралары туралы)

0

Қызылорда қаласын сумен қамтамасыз ету мен кәріз жүйелерінің жағдайы және оларды дамыту шаралары туралы
Қазіргі кезде, облыс орталығын сумен жабдықтау Сырдария өзенінен және ұңғымалар арқылы жер асты суымен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл жағдайда өндіріс объектілерінің жобалық қуаты 74-77-ға пайдаланылып келеді.
Су құбыры және кәріз жүйесінің қызметін 22 мыңнан астам көп қабатты үйлердің және жеке сектор тұрғындары (105,7 мың адам), 865 шаруашылық субъектілері мен бюджеттік мекемелер пайдаланады. Күнделікті беріліп отырған судың көлемі 55 мың текше метр.
Қызылорда қаласының сумен жабдықтау жүйесінің құрамында - Тасбөгет қыстағындағы негізгі сутартқы қондырғысы, 4 екінші көтерімдегі насостық станса, 223,0 км. су құбыры, 197 км. күріз желісі, 42 кәріздік - насос станса мен 3-ПЭ-1 типтегі энергопоезд, электрошаруашылығымен 55 ұңғыма жүне 31 автокөлік пен арнайы техникалар бар.
Қолданыстағы су құбырлары мен кәріз желілері 27-40 жылдан бері пайдаланылып келеді, толығымен ескірген. Су құбырының - 23 %, кәріз желісілерінің – 30 % авариялық жағдайда тұр. 55 сутартқы ұңғымаларының 19-ы жұмыс істемейді, 62 көшелік сутартқылардың 24-і, 39 кәріздік- насос стансаларының 12-сі жұмыс істемейді немесе күрделі жөндеуді қажет етеді.
Ауыз судың сапасы қазіргі кезде қаланың ең өткір мәселелерінің бірі болып отыр. Микробиологиялық зерттеулерге қарағанда судың әр 6-шы литрі іс жүзінде пайдалануға жарамсыз.
1999 жылға дейін облыс орталығында сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жақсартуда айтарлықтай жұмыстар жүргізілген жоқ, тек қондырғылар мен желілерге майда жөндеу жұмыстары ғана жасалды. «Таза су» және «Тазалық» бағдарламаларының қабылдануына байланысты және облыс, қала әкімияттарының тікелей қатысуымен кәріз желілерін және кәріздік - насос стансаларына күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөліне бастады. Желілердегі нормадан тыс шығындар, қалыптағыдан 2,5 есеге дейін жоғары болып отыр. Тұтынушылардың нақты есебі жоқ. 1997-2000 жылдары тұтынушылардың саны 1,7 есеге азайған. Бұл мекеменің шығындылығының негізгі себебі болып отыр. Мекеменің шығындылығы тұтынушылар санының төмендеуімен тепе-тең өсті. Шығын 1997 жылы - 21,0 млн. теңге, 2000 жылы - 69,3 млн. теңге болды.
2001 жылғы 11 шілдеде «Водоканал» өндірістік пайдалану бірлестігі қалалық соттық шешімімен банкрот болып жарияланды. Банкрот болып жарияланған кезеңде кредиторлық қарыз 387,2 млн. теңге болса, ал дебиторлық қарыз - 252,9 млн. теңге болды.
2002 жылғы 31 мамырда мүлік кешені сауда-саттық барысында бастапқы баға 200 млн. теңге бола тұрып, «Зеленстрой» ЖШС-не 70 млн. теңгеге сатылды.
2002 жылғы 1 шілдеге сатып алушы толық есеп айырысып, меншік иесі болып табылды.
Облыс әкімияты Қызылорда қаласының сумен жабдықтау және кәріз жүйесінің жағдайын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қызылорда қаласы әкімі Қ.Баймахановтың Қызылорда қаласының сумен жабдықтау, кәріз жүйелерінің жағдайы және оларды дамытудың шаралары туралы хабарламасы қаперге алынсын.

2

2. Қызылорда қаласы әкімі «Зеленстрой» ЖШС-мен бірге өзара іс-қимыл жасап:

1

1) 2002 жылғы 25 шілдеге дейін сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін дамытудың бағдарламасын әзірлесін және бұл жұмыстарға бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастырсын.

2

2) Су өлшегіш құралдарын орнату жұмыстарын ұйымдастырып, жеке сектор тұтынушыларының есебін алуды ретке келтірсін.

3

3) Қызылорда қаласының сумен жабдықтау және кәріз желілерін кеңейту және жаңғырту жобасын қаржыландыру көздерін қарастыру жұмыстарын жалғастырсын.

4

4) 2002 жылғы 1 қазанға дейін «Қызылорда қаласында ағын суларды биологиялық тазарту стансасын салу» құрылысының жобасын республикалық бюджеттен қаржыландыруға қажетті құжаттарды дайындау жұмыстарын толығымен аяқтасын.

3

3. «Су құбыры және кәріз» өндірістік пайдалану бірлестігінің табиғи монополия субъектілігін ескеріп, «Зеленстрой» ЖШС-не Қызылорда қаласын сумен жабдықтау және кәріз қызметтерімен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды көріп, энергопоезды қалпына келтіру арқылы электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.

4

4. Облыстық энергетика, құрылыс және коммуналдық шаруашылық басқармасы:

1

1) Қызылорда қаласының сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінің жағдайы туралы әр айдың 10-на дейін хабарлама беріп отырсын;

2

2) 2002 жылғы 1 қазанға дейін Қызылорда қаласын сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының қорын анықтау жұмыстарын жүргізсін.

5

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ретаевқа жүктелсін.