Қолданыстағы ред. 17.07.2002 (Редакция 12909_290689.kaz)

Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық іс-шаралардың орындалу барысы туралы от 17.07.2002 г. № 292 (Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық іс-шаралардың орындалу барысы туралы)

0

Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық іс-шаралардың орындалу барысы туралы
«2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 30 желтоқсандағы N 751 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында облыс әкiмиятының 2002 жылғы 25 ақпандағы № 173 қаулысымен бекiтiлген Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi облыстық iс-шараларды жүзеге асыру тұрғысында бiршама жұмыстар атқарылуда.
Дегенмен де бұл жұмыстарда елеулi кемшiлiктер мен олқылықтар орын алуда. Денсаулық жылын өткiзу жөнiндегi аудандар мен Қызылорда қаласының әкiмияты тарапынан қабылданған iс-шаралар өз деңгейiнде орындалмай отыр. Облыста жалпы бiлiм беретiн оқу орындарын медициналық пункттермен қамтамасыз ету төменгi дәрежеде, оларды кезең-кезеңмен қалпына келтiрiп, медицина қызметкерлерiмен қамтамасыз етуде жоспарлы түрде жұмыстар жүргiзiлмейдi.
Алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету мекемелерiн медициналық құрал-жабдықтармен және санитарлық автокөлiкпен жарақтандыру iс-шаралары орындалмаған. Денсаулық жылын өткiзу жөнiндегi Қызылорда қалалық және аудандық комиссиялар денсаулық сақтау саласын қолдауға жеткiлiктi көңiл бөлмей отыр.
Жергiлiктi жерлерде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесiн жақсарту, жұмыс iстемейтiн су құбырларын қалпына келтiру шаралары толық көлемiнде орындалмауда. Аудандар мен Қызылорда қаласында санитарлық-эпидемиялық жағдайды жақсарту мақсатында белгiленбеген жерлерде тағамдық заттармен заңсыз сауда жасауды жою жұмыстары өте баяу жүргiзуде. Облыста сарып ауруы жөнiнде қолайсыз эпидемиологиялық және эпизоотологиялық жағдай қалыптасуда. Арал ауданында бiр тұрғынның оба ауруымен науқастануы тiркелдi.
Облыстық санитарлық қызметi үшiн оқушылар арасында ыстық тамақты ұйымдастыру бiрден бiр өзектi мәселе болып отыр. Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын тексеру барысында, облыс бойынша ыстық тағаммен жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 4 пайызы ғана қамтылғаны анықталды (республика бойынша - 22%).
Тұрғындардың әлеуметтiк жағынан аз қамтылған тобын қорғау бағдарламасы өте төменгi дәрежеде орындалып отыр. Мүгедектердi қалпына келтiру құралдарымен қамтамасыз ету түрлi әлеуметтiк құрылымдарға бару үшiн пандустар жасау мен жаяу жүргiншiлер өтетiн жерлерде соқырларға дыбыстық белгi беретiн жабдықтар жасалынбаған.
Бiрде-бiр сүт кухнясы ашылған жоқ. Бүгiнге дейiн аз қамтылған жанұялардан шыққан балаларды тегiн тамақпен қамтуда жеткiлiктi шараларды жүзеге асырмай отыр.
Аудандарда салауатты өмiр салтын қалыптастыру жұмыстары мен Денсаулық жылын насихаттау өз дәрежесiнде ұйымдастырылмаған. Осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiгi толық көлемде пайдаланылмайды. Тұрғындар арасында аурулардың алдын алу жөнiндегi жүргiзiлген жұмыстардың нәтижелерi өз дәрежесiнде емес.
Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi облыстық iс-шаралар жоспарының орындалу барысындағы орын алған кемшiлiктер мен олқылықтарды жою мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкiмдерiнiң, облыстық денсаулық сақтау (Д.Дәулетбаев), бiлiм басқармаларының (М.Өтемұратов) Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi атқарып жатқан жұмыстары жеткiлiксiз деп танылсын.

2

2. Қызылорда қаласы және аудан әкiмдерi:

1

1) Әкiмияттың мәжiлiстерiнде Денсаулық жылын өткiзу барысының мәселелерiн қарасын және белгiленген iс-шаралардың орындалуына жауапкершiлiктi күшейтсiн.

2

2) Су құбырлары жүйесiнiң санитарлық-техникалық жағдайын жақсартуға, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге нақты шаралар көрсiн.

3

3) Жалпы бiлiм беретiн оқу орындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етсiн.

4

4) Оқушыларды жазғы демалыс кезiнде демалу және сауықтырумен толық қамтуға, мүгедектердiң түрлi әлеуметтiк құрылымдарға баруы үшiн пандустар салуға және соқырлар үшiн дыбыс беретiн жабдықтармен қамтамасыз етiлген жаяу жүргiншiлер өтетiн жерлердi жасауға, балалар сүт кухнясын ашуға шара көрсiн.

5

5) Салауатты өмiр салтын қалыптастыру және бекiту жөнiндегi облыс тұрғындарының арасында түрлi аурулардың алдын алу жұмыстарын белсендi жүргiзудi қамтамасыз етсiн.

3

3. Аудандар және Қызылорда қаласы әкiмдерi, облыстық денсаулық сақтау, облыстық бiлiм басқармалары:

1

1) Жаңа оқу жылының басына дейiн жалпы бiлiм беретiн оқу орындарын медициналық пункттермен және медицина қызметкерлерiмен қамтамасыз етсiн.

2

2) Осы жылдың аяғына дейiн мектеп оқушыларын ыстық тамақпен мүмкiндiгiнше толық қамтуға шара көрсiн.

3

3) ұйымдасқан сауда орындарын қажеттi санитарлық-техникалық жағдайға келтiру жөнiндегi шараларды күшейтiп, тамақтық тағамдармен сауда жасауды қатаң бакқылауға алсын.

4

4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауыл тұрғындарын профилактикалық медициналық тексеруден, мектеп оқушыларын диспансерлiк бақылаудан өткiзу мен сауықтыру жұмыстарын күшейтудi және аурулардын, алдын алу жұмыстарын белсендi түрде жүргiзудi қамтамасыз етсiн.

5

5. Облыстық iндетке қарсы күресу стансасы (Е.Қуандықов), облыстық аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (К.Шапшанов), Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аумақтық басқармасы (П.Балкеев) облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға белгiленген iс-шаралардың орындалуына қатаң бақылау жасасын.

6

6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Н.Ерiмбетовке жүктелсiн.