Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан из Российской Федерации

Бұйрық · № 53 · қабылданған 18.02.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129132/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан из Российской Федерации Қолданыста Бұйрық ·№ 53 ·18.02.2019
18.02.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан из Российской Федерации

Қолданыста Бұйрық ·№ 53 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан из Российской Федерации
Атауы (қаз.)
Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
53
Қабылданған күні
18.02.2019
Көрсетілген редакция
18.02.2019 129132_390081.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018327
ЭКБ идентификаторы
129132
Редакция идентификаторы
129132_390081
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:04

0 Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына

мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге 1-қосымшаның 9-тармағына және «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына бензинді

(СЭҚ ТН коды 2710 12 41 – 2710 12 590 0) теміржол көлігімен әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне хабарлауды;

2 2) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарлауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

4

4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

5 5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

6

6) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы