Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 15.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 14.06.2019 129135_410872.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19TFB04341
- ЭКБ идентификаторы
- 129135
- Редакция идентификаторы
- 129135_410872
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:06
0 Шектеу іс - шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Индер аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 09-10/409 ұсынысы негізінде Есбол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Есбол ауылдық округінің Есбол ауылының Қуанышбаев көшесінің аумағында мүйізді ірі қара мал арасында құтырма ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Индер аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Индер аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.