Құжат мәтініне өту

Об определении размера обеспечения исполнения обязательств по ликвидации последствий старательства за один гектар по Западно-Казахстанской области

Қаулы · № 37 · қабылданған 15.02.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129136/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении размера обеспечения исполнения обязательств по ликвидации последствий старательства за один гектар по Западно-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 37 ·15.02.2019
04.03.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера обеспечения исполнения обязательств по ликвидации последствий старательства за один гектар по Западно-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 37 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера обеспечения исполнения обязательств по ликвидации последствий старательства за один гектар по Западно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
37
Қабылданған күні
15.02.2019
Көрсетілген редакция
04.03.2020 129136_448717.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19Z0005538
ЭКБ идентификаторы
129136
Редакция идентификаторы
129136_448717
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:05

0 Батыс Қазақстан облысы бойынша

бір гектар үшін кен іздеушіліктің
салдарын жою бойынша міндеттемелердің
орындалуын қамтамасыз ету
мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Батыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ә.Б.Мұханбетжанова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Н.Есқалиевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Батыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2019 жылғы «15» ақпандағы №37
қаулысына қосымша
Батыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері
Есептің бірінші жылы мен үшінші жылы аралығын қоса алған мерзімдегі қамтамасыз ету мөлшері Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексінің 210-бабының 3-тармағында және 274-бабында бекітілген бір гектар бойынша кен іздеушілік операцияларына жұмсалған жылдық ең төменгі шығын сомасының 10%-дық мөлшерінде төмендегі формуламен анықталады:
О1=3170×АЕК×10%
мұндағы:
О1– есепті қоса алғандағы бірінші жылдан үшінші жыл аралығын қоса алған мерзімдегі қамтамасыз ету мөлшері;
АЕК – республикалық бюджет туралы заңы бойынша тиісті қаржы жылына сәйкес белгіленген айлық есептік көрсеткіш.

Қолданыстағы