Об утверждении цен на образовательные услуги, реализуемые коммунальными государственными казенными предприятиями дополнительного образования Шахтинского региона
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении цен на образовательные услуги, реализуемые коммунальными государственными казенными предприятиями дополнительного образования Шахтинского региона
- Атауы (қаз.)
- Шахтинск аймағындағы қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағаны бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7/01
- Қабылданған күні
- 11.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.10.2023 129204_660815.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KH005183
- ЭКБ идентификаторы
- 129204
- Редакция идентификаторы
- 129204_660815
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:09
0 Шахтинск аймағындағы
қосымша білім беру ұйымдары
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнымен
жүзеге асырылатын жалпы
білім беру қызметіне
бағаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 156 бабы, 2 тармағына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағаны бекіту.
2. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 3/2 «Қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағаны бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3718 тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірдегі «Әділет» ақпараттық-құқықтың жүйесінде, 2016 жылғы 13 мамырдағы № 19 «Шахтинский вестник» газетінде жарияланған) күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К. К. Тлеубергеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағалары
Шахтинск қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 7/01
қаулысына
қосымша
Қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағалары
№
Қосымша білім беру ұйымының атауы
Ақылы көрсетілетін білім беру қызметінің тізімі (үйірмелер, бөлімшелер, курстар)
1 үйірме үшін айына қосымша білім беру ұйымына ата-аналар төлемінің көлемі
1
«Шахтинск қаласы әкімдігінің Шахтинск қаласының білім бөлімінің балалар музыкалық мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны
1. Домбыра, баян-аккордеон, скрипка, хор, сыбызғы, эстрадалық өлең айту, «Алақай» ерте жастан музыкалық дамыту тобы
2200 теңге
2. Фортепиано
2500 теңге
2
«Шахтинск қаласы әкімдігінің Шахтинск қаласының білім бөлімінің Әубәкір Ысмайлов атындағы балалар көркемсурет мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны
1. Көркем-эстетикалық курстар (Шахтинск қаласы)
2200 теңге
2. Көркем-эстетикалық курстар (Шахан кенті)
1900 теңге